Қазақстандық ауыл шаруашылығы үшін маңыздылығы ерекше – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сейсенбі, Шілде 1, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстандық ауыл шаруашылығы үшін маңыздылығы ерекше

03.04.2025
0
Қазақстандық ауыл шаруашылығы үшін маңыздылығы ерекше

«КазАгроМаш» зауыты Көкшетауда тұтас культиваторлар, кең қамтитын катоктар, дискілі және орташа серіппелі тырмалар өндірісін іске қосты. Бұл агрегаттар қазақстандық фермерлер үшін күнделікті жұмыста таптырмас көмекші болмақ.

Кәсіпорын 2024 жылдың наурыз айында іске қосылып, жылына 150 дана ауыл шаруашылығы техникасын өндіру қуатына ие болды.

Өндірістің бастапқы кезеңінде зауытта алты түрлі техника: қопсытқыштар, катоктар, соқалар, қар күрегіштер, дискілі тырмалар және тіркемелер шығарылды. Бүгінде кәсіпорын өнім түрлерін айтарлықтай кеңейтіп, негізгі ауыл шаруашылығы агрегаттары – культиваторлар мен катоктардың сериялық өндірісін бастады.

Зауыт директоры Виталий Борко бұл қадамның қазақстандық ауыл шаруашылығы үшін маңыздылығын ерекше атап өтті:

«Ұзақ уақыт бойы қазақстандық фермерлер ауыл шаруашылығы агрегаттарын шетелден сатып алуға мәжбүр болды. Бұл жоғары шығындарға, жеткізу мерзімінің ұзақтығына және қосалқы бөлшектермен қиындықтарға алып келді. Сонымен қатар, өзге елдерде жасалған техника Қазақстанның климаттық және топырақ жағдайларына әрдайым сәйкес келе бермейтін. Біздің елімізде негізгі ауыл шаруашылығы агрегаттарының өндірісі жаңа мүмкіндіктер ашады: бұл – техника құнындағы үнем, қосалқы бөлшектердің қолжетімділігі, жергілікті жағдайларға бейімделу, сондай-ақ мемлекеттік қолдау. Қазақстандық техниканы сатып алуға 30% мөлшерінде субсидия қарастырылған», – деді ол.

Тұтас культиваторлардың жұмыс ені 11 және 15 метрді құрайды. Олар қазақстандық фермерлерге алқаптарды өңдеуде, топырақты қопсытуда және арамшөптерді химиялық құралдарсыз жоюда көмектеседі. Кең қамтитын катоктар (12-18 метр) топырақты себуге дайындаудың маңызды құралы, оның құрылымын жақсартып, ылғалдың сақталуына ықпал етеді. Сондай-ақ, ені 8 метрге дейін жететін 2 және 4 қатарлы дискілі тырмалар шығарылады. Олар топырақты қопсыту, арамшөптерді жою және өнім жинаудан кейінгі өсімдік қалдықтарын өңдеу үшін қажет.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

«Bishimbayev University» туралы ақпарат жалған

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

«Қазақстан» телерадиокорпорациясы Жеңістің 80 жылдығына орай 80 бейнеролик түсірді

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.