Туристерге барлық жағдай жасау — басты мақсатымыз – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сенбі, Маусым 7, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ жаңалықтары

Туристерге барлық жағдай жасау — басты мақсатымыз

14.04.2025
0
Туристерге барлық жағдай жасау — басты мақсатымыз
фото: ашық дереккөз
Бүгін сапар орталығының іргетасы қаланды.

Жаңа үлгіде салынатын визит-орталықта саяхаттаушыларға барлық жағдай қарастырылады. Онда келушілер орталығы, этно-кафе мен глэмпингтер бой көтермек. Сапар орталығының іргетасын қалау рәсіміне Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай қатысты. Ол жаңа нысанның өңір үшін маңыздылығын атап өтті.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бозжыра секілді тарихи, көрікті орындарда туризмді дамыту туралы нақты тапсырма берген болатын. Бүгін сол бастаманың алғашқы қадамы жасалуда. Мұндай сұлулығы көз тартар мекендер әлемде санаулы ғана. Біз тарихи тамырын сақтай отырып, бұл жерді заманауи туристік орталыққа айналдыруды көздеп отырмыз. Туристер үшін қолайлы жағдай жасау — бір міндет болса, негізгі мақсатымыз – жергілікті тұрғындардың бұл жобаның игілігін көруіне мүмкіндік жасау. Жақын маңдағы елді мекен тұрғындары ауылшаруашылық өнімдерін сатып, қосымша табыс таба алады. Бұл жоба аймақтың туристік әлеуетін дамытып қана қоймай, өңір экономикасына оң серпін береді деп сенеміз, – деді Нұрдәулет Қилыбай.

Жобада 17 глэмпинг павильоны, 50 қонақүй бөлмесі, жалпы аумағы 450 шаршы метр болатын визит-орталық пен этно-кафе қарастырылған. Кешен құрылысы отандық инвестор — Pana Asia ЖШС-ның жеке қаржысына жүзеге асады. Жоба авторларының айтуынша, визит-орталығы экологиялық талаптарға және тұрақты туризм принциптеріне толықтай сай келеді.

– Визит-орталық қоршаған ортаға зиян келтірмейтіндей етіп жобаланған. Биологиялық тазарту жүйелері, қоқысты сұрыптап жинау, күн энергиясын пайдалану сияқты шешімдер көзделіп отыр. Туристерге барлық жағдай жасау — басты мақсатымыз. Сонымен қатар қазақтың ұлттық тағамдары мен құндылықтарын насихаттауға да мән береміз, — дейді жоба жетекшісі Сәуле Джанабаева.

Өңірдің туристік әлеуетін ілгерілетуге бағытталған кешен 2027 жылы пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр. Бұл жобаның сәтті бастау алғанына өңір тұрғындары да қолдау білдірді.

– Көптен күткен кешеннің басталғанына өте қуаныштымыз. Маңғыстау экономикасы енді тек мұнайға емес, туризмге де арқа сүйей алады. Кешеннің салынуына қолдау білдіреміз, жергілікті кәсіпкерлердің де өз ісін жасауына мүмкіндік беріледі, – деді облыстық мәслихат депутаты, Жаңаөзен қаласының тұрғыны Шәріп Ақжігітов.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

VI Қысқы спартакиадасы өз мәресіне жетті

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Ереван қаласында Қазақстан Республикасының Армения Республикасындағы мәдени күндері өтеді

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.