Қарағанды облысы көктемгі егіс маусымына сенімді түрде қадам басып отыр – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сенбі, Маусым 7, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ жаңалықтары

Қарағанды облысы көктемгі егіс маусымына сенімді түрде қадам басып отыр

15.04.2025
0
Қарағанды облысы көктемгі егіс маусымына сенімді түрде қадам басып отыр

Өңір 2025 жылдың көктемгі егіс маусымына сенімді түрде қадам басып отыр — егіс алқаптарының ұлғаюы, техникалық дайындықтың жоғары деңгейі және ауыл шаруашылығы өндірушілеріне көрсетілетін қолдаудың кеңеюімен ерекшеленеді.

2025 жылға арналған болжамды егіс алқаптарының құрылымы 1,2 млн гектарды құрайды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 41,6 мың гектарға артық. Егіс алқаптарын әртараптандыру жоспарына сәйкес, мал азығы және майлы дақылдар егілетін жер көлемі артады.

Атап айтқанда, дәнді дақылдар 957 мың гектарға, майлы дақылдар 46,7 мың гектарға (13,8 мың гектарға артқан), мал азығы дақылдары 171,6 мың гектарға, картоп 16 мың гектарға, көкөністер 2 мың гектарға егіледі.

Қазіргі таңда 109,4 мың тонна дәнді дақылдар, 0,7 мың тонна майлы, 7 мың тонна мал азығы дақылдарының және 36 мың тонна картоп тұқымы дайындалды. Тексерілген 85,2 мың тонна тұқымның 94%-ы талаптарға сәйкес келеді.

Топырақтың құнарлылығын арттыру үшін 93 мың тонна минералды тыңайтқыш енгізу жоспарланған (ғылыми негізделген қажеттіліктің 62%-ы).

Көктемгі дала жұмыстарына 17,3 мың тонна арзандатылған дизель отыны бөлінді, литрі 250 теңгеден.

Егіс жұмыстарына 10,5 мың трактор, 229 егіс кешені, 4,4 мың тұқым сепкіш және 9,7 мың басқа да ауыл шаруашылығы техникасы жұмылдырылады.

Мемлекеттік қолдау аясында көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге 5 млрд теңге қарастырылған. Оның ішінде тұқым шаруашылығына — 600,5 млн теңге, пестицидтер сатып алуға — 2,3 млрд теңге, су жеткізу қызметтеріне — 148,2 млн теңге, тыңайтқыштарға — 2 млрд теңге бөлінді.

«Кең дала» бағдарламасы аясында 149 шаруашылық 6,29 млрд теңге көлемінде қаржыландырылды.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Ана мен баланың өмірін сақтау – мемлекетіміздің басым бағыттарының бірі

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Тұрбай Мұратбектің «Сағыныштың түсі» атты жеке көрмесінің ашылуы өтті

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.