JOLTAP әлеуметтік жобасы сәтті жалғасып жатыр – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сәрсенбі, Мамыр 14, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

JOLTAP әлеуметтік жобасы сәтті жалғасып жатыр

06.05.2025
0
JOLTAP әлеуметтік жобасы сәтті жалғасып жатыр

Eлорда азаматтарына жаңа кәсіптерді тегін меңгеруге жол ашып, сол арқылы жұмыссыз қала тұрғындарының жұмыс тауып, қаржылық жағдайын жақсартуға мүмкіндік беретін JOLTAP әлеуметтік жобасы сәтті жалғасып жатыр, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

Ресми мәліметтер бойынша, былтыр 9 мыңнан астам адам цифрлық және жұмыс дағдылары бойынша курстарға қатысып, кәсіпорындарда жұмысқа орналасу немесе жеке кәсіп ашу мүмкіндігіне ие болған.

JOLTAP әлеуметтік жобасы аясындағы сұранысқа ие мамандыққа үйрететін курстың бірі – «Электр-газбен дәнекерлеуші» курсы.

Аталған курстың оқытушысы Ербол Есемсейітов оқыту процесі туралы айтып берді.

«Мен – Unobtanium эксперттік оқыту орталығының ұстазымын. Қазіргі уақытта курс қатысушыларын JOLTAP жобасы аясында 3-разрядтағы электр-газбен дәнекерлеу ісіне оқытып жатырмын. Оқыту мерзімі – 10 күн, 5 күн теорияға, 5 тәжірибеге арналады. Кейбір адамдар 5 күн тәжірибені аз деп жатады. Бірақ бұл уақыт 3-разрядты алуға толығымен жетеді. Жоба қатысушыларын әрі қарай жұмысқа орналасуға көмектесіп жатырмыз. 2-3 ай ішінде мамандар бастапқы деңгейдегі жалақыны алады. Әрі қарай бәрі жұмыс орны жетекшілерінің шешіміне байланысты. Егер дәнекерлеуші жұмыста өзін көрсетсе, онда жарты жылдың ішінде 4-разрядқа қол жеткізе алады. Разряд жоғарылаған сайын тапсырмалар күрделене түседі және еңбекақы артады. Ал кейбірі 2 жыл бойы сол 3-разрядпен жүре беруі мүмкін – бәрі адамның өзіне байланысты. Қалай жұмыс істеп, қалай үйренсеңіз, жалақыңыздың көлемі соған байланысты болады», – дейді Ербол Есемсейітов.

Оның айтуынша, төзімділік, табандылық еңбек және оқуға деген құлшыныс – карьералық өсу мен қаржылық тұрақтылыққа апаратын төте жол.

Айта кетейік, жұмыс берушілерді білікті мамандармен байланыстырып, кадр тапшылығы мен жұмыссыздық мәселесін шешуде маңызды рөл атқарып келе жатқан JUMYSTAP платформасында 100-ден аса дәнекерлеу бойынша жұмыс орны бар.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, JOLTAP жобасы тұрғындарды оқыту мен қолдауды жалғастыра бермек.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Бурабай жай ғана демалыс орны емес, бұл дамудың, жаңа идеялар мен ұзақ мерзімді табыстың аймағы

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Барлық өңдеу жұмыстары сапалы әрі уақытылы орындалуы тиіс

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.