Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Ғылым-БілімЖаңалықтар

Оқушылардың қорытынды аттестациялау мерзімі анықталды

2024–2025 оқу жылының басталуы мен аяқталу мерзімі, сондай-ақ қорытынды аттестацияны өткізу тәртібі Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің бұйрығымен бекітілді.

9-сынып оқушылары үшін қорытынды емтихандар 2025 жылғы 29 мамыр мен 10 маусым аралығында өтеді. Олар міндетті пәндер бойынша төрт жазбаша емтиханнан тапсырады.

11-сынып түлектеріне арналған мемлекеттік емтихандар 2025 жылғы 30 мамыр мен 16 маусым аралығында өтеді. Оқушылар бес емтихан тапсырады, оның бірі ауызша түрде өткізіледі.

Негізгі және жалпы орта білім туралы аттестаттарды тапсыру салтанаты білім беру ұйымдарында 2025 жылғы 18-20 маусым аралығында өтеді.

Ұқсас жаңалықтар

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ШИЕЛІ АУДАНЫНДА ЕКІ ЕЛДІ МЕКЕНГЕ ГАЗ ҚОСЫЛДЫ

admin_altyalash

Жобаның негізгі артықшылықтарының бірі – жылу желілерінің жағдайын дрон арқылы қашықтан бақылау

admin_altyalash

Қазақстан Президенті мен Иордания Королі кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді

admin_altyalash