Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарҚоғам

«Мемлекеттік рәміздер – елтаным негізі» атты конференция өтті

Кеше Астанада тұңғыш рәмізтанушы, публицист-жазушы, ақын Ербол Шаймерденовті еске алуға арналған «Мемлекеттік рәміздер – елтаным негізі» атты конференция өтті.

Іс-шараға депутаттар, қоғам қайраткерлері, тарихшылар мен жазушылар, мәдениет саласының қызметкерлері қатысты. Жиында Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин құттықтау хаты оқылды.

«Ербол Шаймерденов саналы ғұмырын еліміздің мәдениеті мен баспасөзінің, тіл саласының өркен жаюына, мемлекеттік рәміздерімізді ұлықтауға арнаған тағылымы зор тұлға, біртуар азамат еді. Ол елтаңба, ту мемлекеттік рәміз ретінде қабылданып жатқан кезде комиссия мүшесі болып, кейін рәміздерді зерделеп-зерттеп, саланың дамуына зор үлес қосты», – делінген құттықтау хатта.

Жиында ҚР Парламент Сенатының Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым жөніндегі комитет төрағасы Нұртөре Жүсіп тарихи тұлғаның қазақ руханиятына сіңірген өлшеусіз еңбегін атап өтті.

Конференция барысында мемлекет және қоғам қайраткерінің архивтегі бейнефильмдері көрсетіліп, ұлттық нышандар туралы өлеңдері оқылды.

Ұқсас жаңалықтар

Футболдан Ұлттар лигасы: Қазақстанның қарсыластары анықталды

admin_altyalash

Қазақстан индорхоккейден Азия кубогының күміс жүлдегері атанды

admin_altyalash

Астанада Digital Bridge 2025 халықаралық технологиялық форумы өз жұмысын бастады

admin_altyalash