Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықтарЖаңалықтар

Президент Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшылық құрамымен жиын өткізді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитетіне барып, жедел-техникалық бөлімшелердің жұмысымен танысты.

Мемлекет басшысына киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету, жасанды интеллект технологияларын пайдалану мүмкіндіктері, үкіметтік және қызметтік байланысты дамыту жобалары көрсетілді.

Қасым-Жомарт Тоқаев баяндамаларды тыңдап, ақпараттық қауіпсіздікке төнетін қатерді тойтару және еліміздің маңызды инфрақұрылымының тұрақты жұмыс істеуіне жағдай жасаудың маңызын атап өтті.

Жиын соңында Президент аталған бағыттағы іс-қимылды жетілдіру бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.

Ұқсас жаңалықтар

Атырауда азық-түлік бағасын тұрақтандыруға бағытталған ірі логистикалық орталық ашылды

admin_altyalash

Бүкіл еліміз үшін, Торғай өңірі үшін маңызды жол

admin_altyalash

Цифрлық теңгені пайдаланудың пилоттық жобасы жақсы нәтижелер көрсетіп отыр

admin_altyalash