Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарҚоғам

Қоғамдық көмекшілер – қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесінің маңызды буыны

Астана қаласының Полиция департаменті ғимаратында қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ат салысқан азаматтарды салтанатты марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Іс-шара Астана қаласы Полиция департаменті тарапынан қоғамдық көмек көрсетіп жүрген белсенді азаматтарға, еріктілерге және бейжай қарамайтын ел тұрғындарына алғыс білдіру мақсатында ұйымдастырылды. Олар құқықбұзушылықтың алдын алуға, полиция мен халық арасындағы серіктестікті дамытуға және сенімді нығайтуға зор үлес қосып келеді.

Салтанатты рәсімге Полиция департаментінің басшылығы, Астана қаласы әкімдігінің өкілдері, Қоғамдық кеңестің мүшелері, учаскелік инспекторлар және марапатталған қоғамдық көмекшілер қатысты.

«Қоғамдық көмекшілер – қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесінің маңызды буыны. Олардың белсенділігінің арқасында біз халыққа жақындай түсеміз және заманауи қауіп-қатерлерге тиімді әрекет ете аламыз», — деді Полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Эльдар Данияров құттықтау сөзінде.

Іс-шара соңында бұқаралық ақпарат құралдары үшін баспасөз-тур ұйымдастырылды. Өз кезегінде қатысушылар алған әсерлерімен бөлісіп, полиция мен азаматтардың өзара әрекеттестігінің нақты мысалдарын баяндады.

Ұқсас жаңалықтар

«Отбасым – мақтанышым» акциясына 1 миллионнан астам ата-ана қатысады

admin_altyalash

Oi-Qaragai тау курортын дамыту жобасы бойынша инвестициялық келісім мақұлданды

admin_altyalash

Ұшқышсыз ұшу авиациясын қолдану бойынша халықаралық мастер-тренинг өтті.

admin_altyalash