Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарҚоғам

Мәдениет – халықтар мен өркениеттерді жалғайтын алтын көпір

Астанада «Орталық Азия – Қытай» екінші саммиті аясында өтіп жатқан гуманитарлық форумның жұмысы басталды.

Іс-шараны бас директоры Шэнь Хайсюн мырза бастаған Қытай Медиакорпорациясы мен Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешені ұйымдастырды. Форум жұмысына Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан елдерінің мемлекеттік органдары мен жетекші медиақұрылымдарының басшылары қатысты.

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатын оқып берді.

«Қазақстан мен Қытай арасындағы ынтымақтастық тату көршілік және мәңгі достық рухында дамып келеді. Тереңнен тамыр тартатын шынайы серіктестігіміз бүгінде стратегиялық сипат алып, мүлде жаңа деңгейге көтерілді. Мәдениет – халықтар мен өркениеттерді жалғайтын алтын көпір. Екі елдің бірлігін бекемдеу жолында мәдени-гуманитарлық байланыстар айрықша рөл атқарады. Сондықтан біз, осы бағыттағы өзара ынтымақтастығымызды күшейтуге ерекше мән береміз», – делінген хатта.

Сондай-ақ Мемлекеттік кеңесші Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени-гуманитарлық салаларда жүзеге асырылып жатқан маңызды реформаларға тоқталды.

Ерлан Қарин аталған форум Орталық Азия елдері мен Қытай арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты нығайтуға тың серпін беретініне сенім білдірді.

Ұқсас жаңалықтар

Қызылорда облысында кент және ауылдық округте әкім сайлауы өтіп жатыр

admin_altyalash

Алатау ауданында аумағы 25 га болатын жаңа саябақ салынады

admin_altyalash

Астанада параүстел теннисінен алғаш рет турнир өтіп жатыр

admin_altyalash