Алматыда «Заң және тәртіп» бастамасы аясында жастармен кездесулер жалғасуда – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сенбі, Маусым 28, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматыда «Заң және тәртіп» бастамасы аясында жастармен кездесулер жалғасуда

19.06.2025
0
Алматыда «Заң және тәртіп» бастамасы аясында жастармен кездесулер жалғасуда

Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері жастар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу, заңға бағыну мәдениетін және қаржылық сауаттылықты қалыптастыру мақсатында тұрақты түрде түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Осыған орай, Алматы қаласының коммьюнити орталықтарында «Заң және тәртіп» атты ақпараттық-ағартушылық науқаны аясында тұрақты кездесулер өткізіліп келеді. Іс-шаралардың басты мақсаты – жастардың қаржылық құқықбұзушылықтармен байланысты тәуекелдер туралы хабардарлығын арттыру және жеке қаржыны басқаруда жауапкершілікке тәрбиелеу.

Бүгін Жетісу ауданындағы Коммьюнити орталығында «Тәртіпті өзіңнен баста» тақырыбында кезекті кездесу өтті. Шара барысында қатысушыларға заң талаптарын сақтаудың маңызы, жеке тәртіп пен жауапкершіліктің қоғамда қауіпсіз орта қалыптастырудағы рөлі туралы айтылды. Сонымен қатар, қаржылық қауіпсіздік мәселелеріне – қаржы пирамидаларының арбауына түсіп қалмау, заңсыз қызмет түрлерін тану және тиісті органдарға қайда жүгіну керектігіне ерекше назар аударылды.

Бұған дейін осындай іс-шаралар Алматы қаласының Түрксіб және Алмалы аудандарындағы Коммьюнити орталықтарында өткізілген болатын.

Аталған кездесулер жастардың белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыруға, сыни ойлау қабілетін дамытуға және күнделікті өмірде заңдылықтың маңыздылығын терең түсінуге ықпал етеді.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Алматы әкімі кәріз желілерінің құрылысы барысымен танысты

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Алматыда түркі опера өнерінің фестивалі өтті

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.