Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарҚоғамМәдениетӨнер

Алматыда түркі опера өнерінің фестивалі өтті

Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында түркі опера өнерінің XXVI фестивалі аясында Гала-концерт өтті. Бұл ауқымды мәдени іс-шараны Халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымы ұйымдастырды.

Концертке Қазақстан, Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан елдерінің әйгілі опера солистері, сондай-ақ Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының симфониялық оркестрі мен хоры қатысты. Олар ұлттық және әлемдік классика туындыларынан ариялар орындап, көрініс қойды.

Іс-шарада Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ерболат Ахмедияров, Қуаныш Исмаилов және Қырғыз ұлттық академиялық опера және балет театрының бас дирижері Захар Бутенко дирижерлік етті. Бағдарлама шымылдығы Е. Брусиловскийдің «Қыз Жібек» операсының үзіндісімен ашылды.

Сонымен қатар театр алаңында түркі елдерінің опера және балет театрлары директорлары кеңесінің IV отырысы өтті. Бұл мәдени жоба түркі әлемінің өнерін дәріптеуге және халықтар арасындағы рухани байланысты нығайтуға бағытталған. Кеңес мүшелері театр мұражайын аралап, Қазақстандағы ең көне музыкалық театрдың тарихы және дәстүрлерімен танысты. Директорлар отырысын ТҮРКСОЙ Бас хатшылығы жанындағы Қазақстан Республикасының өкілі Нышанкүл Қаратаева ашып, ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Сұлтан Раевтің құттықтау хатын оқып берді. Жиында театр өнері саласындағы ынтымақтастықты нығайту мен өзара әріптестік орнату жолдары талқыланды.

Ұқсас жаңалықтар

МСАК медицина қызметкерлерін ынталандырудың жаңа жүйесі созылмалы аурулардың профилактикасына бағытталған

admin_altyalash

«Жетісу» волейболшы қыздары Азияның клубтық Чемпиондар лигасындағы тұңғыш алтын медалін иеленді

admin_altyalash

Зейнеп Ахметова: Келіннің сәлем салуы – Құдайға серік қосу емес, барған әулетіне құрмет көрсету

admin_altyalash