Көптеген қазақстандық үшін үлкен мүмкіндік – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сенбі, Маусым 28, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Көптеген қазақстандық үшін үлкен мүмкіндік

23.06.2025
0
Көптеген қазақстандық үшін үлкен мүмкіндік

Елордада JOLTAP жобасы жүзеге асырылуда, ол астаналықтарға жаңа мамандықтарды меңгеріп қана қоймай, табысын арттыруға, жаңа іс бастауға және табысты карьера құруға көмектеседі. Жоба түлегі Мадина Ақжолтаева табысқа жету жолы туралы сыр бөлісті, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Мадина Астанадағы Д.Қонаев атындағы колледжді «хатшы-референт» мамандығы бойынша бітірген, бірақ мамандығы бойынша жұмыс істемеген. Көп уақытын кассир болып жұмыс істеп өткізіпті. Тұрмыс құрғаннан кейін оның тігіншілікке деген қызығушылығы оянды.

«Енем өзінің тігін машинасын сыйға тартты. Мен қарапайым заттар тігуден бастадым – жастық қабы, жастық, кішігірім көрпе. YouTube желісінен оқыту видеоларын қарадым», — деп еске алады Мадина.

Ауылдан Астанаға көшіп келгеннен кейін хоббиін кәсіпке айналдыру туралы шындап ойлай бастайды. 2025 жылдың басында әпкесі оған JOLTAP жобасы туралы түсіндірген. Ал өзі осыған дейін бухгалтерлік курсқа қатысып, Мадинаға да байқап көруді кеңес еткен.

«Мен «тігінші» мамандығы бойынша курсқа жазылдым. Оқыту 22 күнге созылды – бәрі өте түсінікті болды, ұстазымыз барлығын оңай тілмен түсіндірді. Осы жағдай менің мамандыққа деген қызығушылығымды арттыра түсті», — деп бөлісті жоба қатысушысы.

Курсты аяқтаған соң жоба командасы Мадинаға жұмыс іздеу сайттарына тіркелуге көмектесіп, ұсынымдар берді.

Нәтижесінде, бірер аптаның ішінде жұмысқа орналасып үлгерді. Қазір астаналық әйел арнайы киім тігетін кәсіпорында тігінші болып жұмыс істейді.

«Үшінші ай жұмыс істеп жүрмін – маған өте ұнайды! Осындай мүмкіндік үшін JOLTAP жобасына алғысым шексіз. Ол керемет база береді, қажетті жабдықтармен қамтамасыз етеді, оқуға және өсуге жағдай жасайды. Бұл расында көптеген қазақстандық үшін үлкен мүмкіндік», – дейді Мадина.

JOLTAP жобасы жаңа мамандық игергісі келетін жандар үшін үлкен мүмкіндіктер ашады.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Алматы және Ақтөбе облыстарында фермерлік далалық мектептер құрылады

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Қазақстанда “Заң мен Тәртіп” жаңа цифрлық сервисі іске қосылды

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.