Сумен жабдықтау және су тарту жүйелерін дамытумен қатар, су үнемдеу технологияларын енгізу және су ресурстарын басқаруды цифрландыру жұмыстарын жандандыру қажет – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сәрсенбі, Шілде 2, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Сумен жабдықтау және су тарту жүйелерін дамытумен қатар, су үнемдеу технологияларын енгізу және су ресурстарын басқаруды цифрландыру жұмыстарын жандандыру қажет

01.07.2025
0
Сумен жабдықтау және су тарту жүйелерін дамытумен қатар, су үнемдеу технологияларын енгізу және су ресурстарын басқаруды цифрландыру жұмыстарын жандандыру қажет

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында сумен жабдықтау және су тарту жүйелерін дамыту, сондай-ақ цифрландыру мен су үнемдеу технологияларын енгізу мәселелері қаралды.

Отырыста өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев, су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов, ұлттық экономика вице-министрі Асан Дарбаев сумен жабдықтау және су бұру саласындағы тарифтік саясат туралы, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев саланы цифрландыру туралы баяндама жасады. Сондай-ақ бірқатар өңір әкімдері сөз сөйледі.

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің мәліметтері бойынша, сумен жабдықтау қызметтеріне қала халқының 99,3%-ы және ауыл халқының 97,5%-ы қол жеткізе алады. Еліміздің 90 қаласының 73-і 100% ауыз сумен қамтамасыз етілген. Қалған 17 елді мекен де жыл соңына дейін ауыз сумен 100% қамтылады, деп хабарлады Ерсайын Нағаспаев.

Олжас Бектенов сумен жабдықтау саласындағы жобаларды уақтылы аяқтаудың маңыздылығына назар аударды.

«Халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету – аса маңызды әлеуметтік міндеттердің бірі. Бұл мәселе Мемлекет басшысының тікелей бақылауында. Қажетті қаражат Республикалық бюджетте көзделген. Сонымен қатар заңсыз шығарылған активтерді елге қайтару жөніндегі Президент тапсырмасы аясында сумен жабдықтау бойынша 230-ға тарта жобаны іске асыру үшін Арнаулы мемлекеттік қордан қосымша 160 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді. Тұрғындардың өмір сапасы таза ауыз суға тікелей тәуелді. Сондықтан елді мекендерді сумен қамтамасыз ету – Үкіметтің басым міндеттерінің бірі», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Премьер-министр климаттың өзгеруі, суды тұтыну көлемінің артуы және су ресурстарының тапшылығы жағдайында заманауи тәсілдер мен үнемдеу технологияларын пайдаланудың маңыздылығын атап өтті. су құбырларын дамытуға айрықша назар аудару керек. Бұл жұмысты елді мекендерді дамыту жоспарларымен үйлестіре отырып жүргізу қажет.

Үкімет отырысы барысында Олжас Бектенов өнеркәсіп және құрылыс, су ресурстары және ирригация министрліктеріне, өңірлердің әкімдіктеріне инфрақұрылымдық бірқатар жобаны жүзеге асыруды жеделдетуді тапсырды.

Мәселен, Су ресурстары мен ирригация министрлігі мен Ақмола облысы әкімдігінің алдына қысқа мерзімде елорда маңындағы ауылдарды орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету шараларын қабылдау міндеті қойылды.

«Самұрық-Қазына» қоры мен Маңғыстау облысының әкімдігіне 15 шілдеге дейін Кендірлі зауытын іске қосу жұмыстарын аяқтап, Жаңаөзен қаласына су беруді қамтамасыз ету тапсырылды.

Қаржы, Өнеркәсіп және құрылыс министрліктері Ұлытау облысының әкімдігімен бірлесіп, осы жылдың 1 тамызына дейін Жезқазғанда су тазарту құрылысын реконструкциялау жобасын қосымша қаржыландыру жөнінде шешім қабылдауы қажет.

Сонымен қатар, Премьер-министр коммуналдық инфрақұрылымды жүйелі жаңғырту және желілердің тозу деңгейін әрі қарай төмендету қажеттігін атап өтті.

«Сумен жабдықтау және су тарту жүйелерін дамытумен қатар, су үнемдеу технологияларын енгізу және су ресурстарын басқаруды цифрландыру жұмыстарын жандандыру қажет. Сумен жабдықтау желілерінің тозу деңгейін одан әрі төмендету керек. Ескірген коммуналдық инфрақұрылымды барынша жаңғыртып, жаңаларын салуға маңыз берілуі тиіс. Бұл мәселе қабылданған «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасын іске асыру аясында шешімін табады», — деп атап өтті Премьер-министр.

Үкімет отырысының қорытындысы бойынша бірқатар тапсырма берілді.

  • Өңір әкімдіктері – жыл соңына дейін ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша іске асырылып жатқан барлық жобаларды пайдалануға беруді қамтамасыз етсін.

«Бұған өңірлердің бірінші басшылары тікелей жауап береді», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Сонымен қатар Қаржы министрлігі бекітілген қаражатты жергілікті атқарушы органдарға жедел тәртіппен аударуы қажет.

  • Өнеркәсіп министрлігі желілерді жаңғырту кезінде қолданыстағы кәріз-тазарту құрылыстарының өнімділігін ұлғайтуға және ағынды суларды тазарту сапасын арттыруға баса назар аударуы керек. Әкімдіктермен бірлесіп, 1 қыркүйекке қарай «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасын іске асыру жөніндегі инвестициялық бағдарламаларды әзірлеуі қажет.
  • Су ресурстары және ирригация министрлігі осы жылдың соңына дейін  топтық су құбырларын салу  және жаңғырту жобаларын аяқтауды  қамтамасыз етуі керек. Бұдан әрі Қаржы министрлігімен бірлесіп,  2026-шы жылы  топтық су құбырларын  бірыңғай кешендер ретінде  әкімдіктердің балансына беруді қамтамасыз ету тапсырылды. Ұлттық экономика министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп,  мүлікті  республикалық меншіктен  коммуналдық меншікке беру мәселелерін реттейтін  нормативтік құқықтық актілерге  өзгерістер мен толықтырулар енгізу міндеті қойылды.
  • Су ресурстары және ирригация министрлігіне Өнеркәсіп және құрылыс министрлігімен бірлесіп,  су объектілерінің цифрлық паспорттары мен  интеллектуалдық су кадастрын енгізу мәселесін  пысықтау тапсырылды.
  • Ұлттық экономика министрлігі Қаржы министрлігімен және «Бәйтерек» холдингімен бірлесіп,  Ұлттық жоба шеңберінде көзделген  инвестициялық жобаларды қаржыландыруды  қамтамасыз етуі қажет.
БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Башар Асадқа қарсы шектеулер күшінде қалды

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Көкшетауда өңірдегі ең ірі спорт кешені бой көтеруде

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.