Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарЭкономика

Бірлескен жұмыстың нәтижесінде ҚХР-ның азық-түліктік емес тізіліміне 9 қазақстандық кәсіпорын енгізілді

Алғаш рет 9 қазақстандық кәсіпорын Қытай Халық Республикасының азық-түліктік емес тізіліміне енгізілді. Бұл қадам қазақстандық өнім өндірушілерге мал шаруашылығы өнімдерін Қытай нарығына экспорттауда жаңа мүмкіндіктер ашады.

Қазақстан мен ҚХР арасындағы екіжақты сауда әлеуетін дамыту шеңберінде, сондай-ақ барлық техникалық және құқықтық аспектілерді келісу және талқылау нәтижелері бойынша 2024 жылғы қарашада ҚР АШМ мен ҚХР Бас кеден басқармасы арасында ірі қара малының терісіне қатысты хаттамаға қол қойылды.

Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті қытайлық тараппен тығыз өзара іс-қимылда экспорттық жеткізілімдерді толыққанды іске қосу үшін қажетті ветеринариялық сертификат нысанын келісу жұмыстарын жүргізуде.

Бірлескен жұмыстың нәтижесінде ҚХР-ның азық-түліктік емес тізіліміне 9 қазақстандық кәсіпорын енгізілді. Оның ішінде 7 компания ІҚМ терісін жинау, өңдеу және экспорттаумен, ал 2 компания артемия цистасын өндіру және экспорттаумен айналысады.

Комитет мал шаруашылығы өнімдерінің экспортталатын номенклатурасын кеңейту, сондай-ақ жаңа қазақстандық кәсіпорындарды Қытай тізіліміне енгізу бойынша белсенді жұмыс жүргізуді жалғастыруда.

Аталған шаралар Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға және қазақстандық өнімнің шетелдегі бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған.

Компаниялар тізімімен ҚХР-ның азық-түліктік емес тізілімінің ресми сайтында танысуға болады: https://scintl.chinaport.gov.cn/aprwebserver/pages/apr/public/html/companyList.html,

Ұқсас жаңалықтар

Қарағанды облысының ЖРО мамандары оқушыларға экодәріс өткізді

admin_altyalash

Қазақстан эстрадасының жұлдыздары жаңа Конституцияны қолдау үшін бірікті – «Халықтың Ата Заңы» халық әнұраны

admin_altyalash

«Таза Қазақстан» жәй ғана қоғамдық акция емес, бүгінде тұтас ұлттың жүйелі идеологиялық ұстанымы болуы керек

admin_altyalash