Қызылорда облысында жаңа жобаны жүзеге асыру жолдары қарастырылуда – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Бейсенбі, Тамыз 21, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ жаңалықтары

Қызылорда облысында жаңа жобаны жүзеге асыру жолдары қарастырылуда

21.08.2025
0
Қызылорда облысында жаңа жобаны жүзеге асыру жолдары қарастырылуда

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев «Жаркент крахмал-сірне зауыты» компаниясының құрылтайшысы, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Закиржан Кузиевпен кездесті. Кездесуде Сыр өңірінде жүгері дақылын терең өңдеу мәселесі талқыланды.
«Өткен аптада Жаркент қаласына арнайы жұмыс сапарымен барып, зауыт жұмысымен таныстық. Кәсіпорынның негізгі өндірістік алаңдарын аралап, жүгеріден крахмал мен сірне өндіру технологиясын көрдік.
Қызылорданың агро-индустриалдық өңір екендігін ескеріп, осындай өндіріс орнын облыста ашуды ұсынамыз. Бұл мақсатта Жалағаш, Сырдария, Шиелі, Жаңақорған аудандарынан егістік алқабына жақын жерден зауытты орналастыруға қолайлы, белгіленген жер учаскелерімен танысып келдіңіздер.
Арнайы топ жасақталып, инженерлік инфрақұрылымға, теміржолға, экологиялық, санитарлық мәселелерге қатысты, тағы да басқа сұрақтарға жауап алдыңыздар.
Біз әрбір инвесторға қолданыстағы заңнама аясында жер телімін беруге, даму институттары арқылы қаржыландыру құжаттарын рәсімдеуге және әкімшілік қолдау көрсету бойынша толық сүйемелдеуге әзірміз», – деді Нұрлыбек Нәлібаев.
Өз кезегінде Закиржан Кузиев бұл бастамаға қолдау білдіріп, бірлесіп жұмыс істеуге дайын екенін жеткізді.
Айта кетейік, өңірде 286 мың гектар суармалы жер бар, оның 178,6 мың гектары – инженерлік жүйеге келтірілген ауыспалы егіс алқаптары. Мемлекет басшысының ауыл шаруашылығы өнім көлемін екі есеге арттыру жөніндегі тапсырмасына сәйкес, облыста суды аз қажет ететін дақылдардың көлемі ұлғайып келеді. Мәселен, биыл жүгері дақылы 2 490 гектарға егіліп, өткен жылмен салыстырғанда 415 гектарға артқан.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Мемлекет меншігіне 3,5 мың гектарға жуық ауыл шаруашылығы жері қайтарылды

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Қала тұрғындары үшін жақсы саябақ болады

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жеті гүл» фильмі қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі.

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.