Маңғыстауда Орталық Азиядағы алғашқы теңіз аквашаруашылық жобасы басталды – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сенбі, Қыркүйек 6, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ жаңалықтары

Маңғыстауда Орталық Азиядағы алғашқы теңіз аквашаруашылық жобасы басталды

05.09.2025
0
Маңғыстауда Орталық Азиядағы алғашқы теңіз аквашаруашылық жобасы басталды

Бүгін, 5 қыркүйек күні Маңғыстау облысының Құрық портында Каспий теңізінде теңіз аквашаруашылығын дамытуға арналған алғашқы тор қоршамалар суға түсірілді. Орталық Азиядағы алғашқы теңіз аквашаруашылық жобасы облыс әкімдігінің бастамасымен, «Organic Fish» ЖШС қолдауымен жүзеге асып отыр. Бұл шара Қазақстан теңіз аквашаруашылығын дамытудың іс жүзінде жүзеге асырыла бастағанын көрсетеді.

Шараға Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі балық шаруашылығы комитетінің төрағасы Серік Сермағамбетов,
«Organic Fish» ЖШС бас директоры Ержан Аманқосұлы, сондай-ақ құрылтайшылар Анна Мәдиқызы, Нұржан Жақыпұлы және Нұрдәулет Шілдебайұлы мен сала ардагерлері қатысты.

Үш үлкен тор қоршама мен арнайы якорь жүйесінен тұратын жабдық Норвегияда жасалып, Каспий теңізінің табиғи жағдайына бейімделген. Құрық портына жеткізілген тор қоршамалар шетелдік және отандық мамандардың күшімен құрастырылып, порттан 20 шақырым оңтүстіктегі теңіз аумағына орнатылды. Экологиялық жағынан теңізге еш зияны жоқ.

Келесі кезеңде тор қоршамаларды балықпен толтыру жоспарланған. Бұл – Қазақстан мен Каспий теңізі тарихындағы ең үлкен тор қоршамалар: әрқайсысының айналымы 120 метр, тереңдігі 25 метр. Алғашқы екі жылда өндіріс көлемі 300-ден 1600 тоннаға дейін жетіп, кейін жылына 5000 тоннаға дейін ұлғаюы көзделген. Сонымен қатар 80-нен астам жаңа жұмыс орны ашылмақ.

Жоба табиғи таза ортада каспий албырты тұқымдас балық өсіруге бағытталған. Балықтар экологиялық таза жеммен қоректеніп, теңіздің табиғи жағдайында өсірілмек. Бұл олардың пайдалы қасиеттерін толық сақтауға мүмкіндік береді.

Теңіз аквашаруашылығы жобасы Норвегия аквакультура институтының көпжылдық ғылыми зерттеулеріне негізделіп әзірленді.
Зерттеулер барысында теңіз суының гидрологиялық, гидрофизикалық және гидрохимиялық сипаттамалары, сондай-ақ учаскенің батиметриясы жан-жақты зерттелді.

Облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай бұл бастама Маңғыстаудың агроөнеркәсіптік әлеуетін жаңа деңгейге көтеріп, халқымыздың игілігіне қызмет ететінін атап өтті.

– Бүгін біз Маңғыстау облысы үшін ғана емес, бүкіл Қазақстан үшін тарихи мәні бар маңызды оқиғаның куәсі болып отырмыз. Елімізде алғаш рет теңіз тор қоршамада балық өсіру шаруашылығы іске қосылып, Каспий теңізіне алғашқы тор қоршамалар түсірілуде. Бұл жоба – Мемлекет басшысының агроөнеркәсіп кешенін әртараптандыру, аквашаруашылығын дамыту жөніндегі тапсырмасы аясында іске асырылып отыр. Бұл бастама жаңа жұмыс орындарын ашуға, жастарды заманауи балық шаруашылығы саласына тартуға мүмкіндік береді. Бұл – Қазақстан аквашаруашылығының жаңа кезеңі басталғанының айқын белгісі. Бұл жоба Қазақстандағы теңіз аквашаруашылығының дамуына жол ашып қана қоймай, аймақтық экономикалық өсімге, экспорттық әлеуеттің артуына және экологиялық тұрақтылықтың сақталуына зор үлес қосады,- деді. Нұрдәулет Қилыбай.

default
default
БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Алматыда 14 медициналық ұйым жанынан жастар денсаулық орталығы ашылды

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Мемлекет басшысы мұнай-газ саласының қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жеті гүл» фильмі қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі.

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.