Бір палаталы Парламентке көшу – демократия жолындағы шешуші қадам – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Бейсенбі, Қыркүйек 18, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Бір палаталы Парламентке көшу – демократия жолындағы шешуші қадам

10.09.2025
0
Бір палаталы Парламентке көшу – демократия жолындағы шешуші қадам

Біздің партия Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауында жарияланған цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект негізіндегі Қазақстанды жан-жақты дамытудың қағидаттары мен бағыттарын толық қолдайды. Бұл ретте Мемлекет басшысының «Жаңа технологиялық тәртіпті қалыптастыру үшін оның ашықтығын, тиімділігін және адамға қолайлы бағдарлануын бірнеше есе арттыра отырып, мемлекеттік басқарудың бүкіл жүйесін қайта құрылымдау қажет»,- деген тезисі ерекше маңызды болып көрінеді.

Бұл жолдауда еліміздің демократиялық даму векторына балама жоқтығын, демократиялық институттар мен тетіктерін күшейту қажеттігін тағы да атап көрсетеді. Мемлекет басшысының, мемлекеттік жүйеміздің дамуы мен саяси мәдениет деңгейінің жоғарылауын ескере отырып, ҚР Парламент Сенатын референдум арқылы тарату туралы бастамасы Жолдаудағы өзектілігі мен маңыздылығын арттырды. Шын мәнінде бұл уақыттың тезіндегі шешім болды. Бұл Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның осыдан 20 жылдай бұрын бағдарламалық құжаттамасына енгізген басты қағидасы еді. Партияның басты идеяларының тағы бірі жүзеге асып отыр.

Сол уақыттан бері партия өз мәлімдемелерінде, БАҚ-тағы жарияланымдарында, Президентке жолдаған ашық хаттарында, жалпы басымдықтарында халық сайламайтын орган болып табылатын Сенатты тарату қажеттігі туралы бастаманы үнемі көтеріп келеді. Өйткені унитарлы мемлекетте заң шығару үдерісін Сенат жүйесі негізсіз қиындатып, артық әрекеттерді тудыратыны анық. Унитарлы мемлекетте халық сайлаған, тиімді бақылау функциялары бар бір палаталы Парламент қана болуы керек. Біздің Конституциямызда көрсетілген демократиялық қағидатты ұлттық деңгейде тиімді жүзеге асыра алатын мемлекеттік құрылымның болу, ЖСДП-ның басты ұстанымы.

Ендігі жерде жоғары өкілеттілігі бар заң шығарушы органның тиімді жұмыс істеуі өте маңызды. Ол үшін, әрі іргелі, әрі елеулі қадам жасалды деп толық айта аламыз!

Бұдан кейін әділетті Қазақстан мен еститін мемлекет идеяларын жүзеге асырудың басқа да шаралары жүзеге асырылады деп сенеміз. Ол қатарда партиямыздың басқа да саяси ұсыныстары, – ең алдымен сайлау процесінің барлық кезеңдерінде әділдік пен адалдықты барынша қамтамасыз ету жалғасады деп ойлаймыз. Осы орайда, Мемлекет басшысының бастамасымен ұлттық парламенттің құрылымына қатысты қоғамдық талқылаулар болары анық. Оңтайлы шешімдерді іздеу тұрғысынан да, қазақстандықтардың саяси мәдениетін қалыптастыру тұрғысынан да жаңа бастамалардың келешегі зор. Осы тұрғыдан келгенде мемлекеттік бастамаларды жүзеге асыру жолындағы айтылған түрлі қоғамдық бастамалар сөзсіз естілуі керек. Бұл ең басты қағиды болуы тиіс. 2025 жылғы Жолдаудың барлық ережелеріне сүйене отырып, бұл Қазақстан үшін шын мәнінде сапалы жаңа жолдарды аша алатын бағдарламалық тұжырымдардың бірегейі екеніне сеніміміз мол.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Абайдың сөзі – мәңгілік, мұрасы – сарқылмас қазына

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ҚазҰУ экохабы «Zero Waste Campus» акциясына қатысып жатыр

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жеті гүл» фильмі қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі.

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.