ҚазҰУ экохабы «Zero Waste Campus» акциясына қатысып жатыр – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сейсенбі, Қараша 4, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ҚазҰУ экохабы «Zero Waste Campus» акциясына қатысып жатыр

11.09.2025
0
ҚазҰУ экохабы «Zero Waste Campus» акциясына қатысып жатыр

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің экохабында «Таза Қазақстан» бастамасы аясында «Zero Waste Campus» бағдарламасының сериясы өтіп жатыр. Шара кампустарда қалдықсыз өмір салтын насихаттауға және студенттер арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған.

Шара барысында қатысушылар «Zero Waste» қағидаларымен танысып, қалдықтарды сұрыптау бойынша шеберлік сабақтарына қатысты. Студенттерге пластикалық қалдықтардан жасалған өнімдер көрсетіліп, саналы тұтыну мен ресурстарды қайта пайдалану үлгісі түсіндірілді. Олар бөтелкелердің пластикалық қақпақтарын сұрыптауға қатысып, тәжірибе жинақтады.

Арнайы цехта акция қатысушыларына қақпақтарды ұсақтау процесі мен ұсақталған пластикті жоғары температурада түрлі-түсті плиталарға айналдыратын пеш көрсетілді. Осы плиталардан орындықтар, үстелдер, интерьер бұйымдары және басқа да өнімдер жасалады.

«Қалдықсыз кампус» бастамасы шеңберінде ҚазҰУ аумағында қалдықтарды бөлек жинау үшін арнайы фандоматтар орнатылған.

«ECO Network» компаниясының жобалар жетекшісі Хамза Сафаровтың айтуынша, экологиялық хаб – компания мен ҚазҰУ арасындағы табысты ынтымақтастықтың нәтижесі.

«Кез келген адам келіп, қалдықтарын тапсыра алады және осында түрлі бұйымдар – кілт салғыштар, телефонға арналған тұғырлар, орындықтар және тағы басқа заттар жасай алады. Мұнда сонымен қатар шеберлік сабақтары, жасыл экономикаға арналған интерактивті оқыту жүргізіледі. Біз студенттерді белсенді түрде тартып, оларды саналы және пайдалы істерге үйретіп, қолдап отырамыз», – деп түсіндірді жоба жетекшісі.

Жобаның белсендісі әрі үйлестірушісі – Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының аға оқытушысы Әйгерім Керімқұлова:

«Биыл мамыр айында Экохабта шамамен 200 студент-тәжірибеші болды, маусым айында 30-ға жуық жоғары курс студенті қосылды. Кейін гидрологтар мен географтар да қатыса бастады. Оларға шеберлік сабақтары өткізіліп, экобелсенділер көшбасшылық лекциялар оқыды. Қазір Экохаб белсенділігі артып, оған көбірек қамқор студенттер, белсенділер мен еріктілер қосылуда», – деді.

Іс-шара барысында студенттер өз әсерлері және ойларымен бөлісті.

Бұл туралы журналистика факультетінің 1-курс студенті Мадина Естаева:

«Мен экологияның қаншалықты маңызды екенін жақсы түсінемін. Экохаб мен үшін жай акция емес, бұл бастаманың маңыздылығы мен жауапкершілігін сезінемін. Экохаб қалдықтарды қайта өңдеп, олардың климатқа зиянын азайтады. Ол экологиялық мәдениетті қалыптастырады», – десе, экология факультетінің 1-курс студенті Рамина Ибрагимова: «Мен экология факультетінде оқығандықтан, бұл тәжірибе мен үшін өте құнды. Хабқа адамдар келіп, көп қалдық қалдырады. Біз, волонтерлер, оны контейнерлерге сұрыптаймыз. Бұл маған оқуымды аяқтаған кезде мамандығым бойынша үлкен тәжірибе болады», – деп пікір білдірді.

Осылайша ҚазҰУ Экохабы диалог пен тәжірибе алмасу алаңына айналып, жастарды экологияны қорғауға белсенді қатысуға ынталандырады. «Zero Waste Campus» бастамасы – таза әрі тұрақты болашаққа бағытталған маңызды қадам әрі жастардың табиғатты қорғаудағы белсенділігінің жарқын мысалы.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Бір палаталы Парламентке көшу – демократия жолындағы шешуші қадам

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Цифрлық технологиялар Қостанайдағы шұғыл қызметтердің ашықтығын арттырады

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Директор – өзгерістер көшбасшысы

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жеті гүл» фильмі қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі.

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.