Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Ғылым-БілімЖаңалықтарКәсіп

Кәсіби білім беруді дамытудың тарихи қадамы болмақ

2025 жылдың 4 – 10 қазан аралығында ресми Түркі әлемінің мәдени астанасы ретінде танылған Ақтау қаласында алғашқы рет TurkіcSkills-2025 кәсіби шеберлік чемпионаты өтеді. Бұл шара Мемлекет басшысы жариялаған Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ұйымдастырылып, кәсіби білім беруді дамытудың тарихи қадамы болмақ.

Бір алаңда Қазақстан, Әзербайжан, Түрікменстан, Мажарстан, Түркия, Өзбекстан және Қырғызстаннан келген 70-тен астам студент пен 90 сарапшы бас қосады. Қатысушылар ақпараттық технологиялар, құрылыс, инженерлік шешімдер, әлеуметтік және жеке қызметтерді қамтитын 10 негізгі құзыреттілік бойынша сынға түседі. Әсіресе ұшқышсыз ұшу аппараттарын (дрондар) басқару сияқты болашағы зор бағыттарға ерекше көңіл бөлінеді.

«Бұл – жұмысшы мамандықтарының беделін арттыруға, бірыңғай кәсіби кеңістік құруға және түркітілдес елдердің жас мамандары арасында тәжірибе алмасуға бағытталған ауқымды бастама. Чемпионат жастардың әлеуетін ашуға, заманауи технологияларды ілгерілетуге және уақыт талабына сай жауап бере алатын жаңа буын білікті кадрларын қалыптастыруға бағытталған платформа болады», – деді Техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры Әсет Мұханбетов.

Чемпионат аясында Қазақстан мен шетел педагогтері арасында тәжірибе алмасу енгізіледі. Бұл оқытушылардың кәсіби деңгейін арттыруға, ал студенттердің академиялық ұтқырлық бағдарламалары арқылы білімдері мен дағдыларын кеңейтуге мүмкіндік береді.

Іс-шараның ұйымдастырушылары – ҚР Оқу-ағарту министрлігі мен Маңғыстау облысының әкімдігі.

Ұқсас жаңалықтар

Бұл – аймақтық емес, ұлттық жоба, бүкіл елдің өркендеуінің катализаторы

admin_altyalash

Түркістан қаласына ерекше мәртебе беріледі

admin_altyalash

Кәсіпкер анасына 1 500 тал роза сыйлап, кейін мұны тойға жиылған әйелдерге таратып берді

admin_altyalash