Жетісуда өткен офлайн-хакатонға 150-ден астам адам қатысты – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Дүйсенбі, Қазан 6, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ жаңалықтары

Жетісуда өткен офлайн-хакатонға 150-ден астам адам қатысты

24.09.2025
0
Жетісуда өткен офлайн-хакатонға 150-ден астам адам қатысты

Талдықорғандағы Жетісу аймақтық «Jetisu Digital» ІТ-хаб базасында өткен ірі республикалық Decentrathon 4.0 офлайн-хакатонына ІТ-мамандар, студенттер және заманауи технологияға қызығушылық танытатын жандардың барлығы қатысты. Барлығы 150-ден астам адам, – деп хабарлайды Жетісу облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Хакатонды ҚР Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өндірісі министрлігінің қолдауымен және облыстық цифрлық технологиялар басқармасының ықпал етуімен «Astana Hub» және «Blockchain & AI Technology Center» (BAITC) ұйымдастырыпты. Мұндай ауқымды шара Талдықорғанды қосқанда 20 өңірде өткізілді.

– Бұл шара Мемлекет басшысының Жолдауын жүзеге асыру аясында өткізіліп отыр. Осыған орай жасанды интеллектіге баса көңіл бөлінуде, яғни, қатысушы командалар көптеген бағыттар бойынша бақ сынасты, оның ішінде жасанды интеллекті қолдану арқылы түрлі жобаларды жүзеге асыруға болатынын шеберлікпен көрсетті. Біріншілікке қатысқан 150-ден астам адамның жасы әрқилы. Мысалы, олардың ішіндегі ең жасы 12 жаста болса, ең ересегі білікті маман болып қалыптасқан жан. Осыған қарап хакатон әрбір талантты адамның қарым-қабілетін заманауи ІТ-технология саласында көрсетуге мүмкіндік беретінін көрдік, – дейді басқарма басшысы Айдын Темірбаев.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бірнеше күнге созылған хакатон бірнеше кезеңге бөлінген. Қатысушылар тәжірибелік тапсырмаларды орындап, ең жылдам блокчейн-желілердің бірінің көмегімен жобалар құрастырды, жасанды интеллект саласындағы кейстерді жетілдіру жолында жобалауды, бағдарламалауды және дайын ІТ-шешімдер жасауды тәжірибелі менторлардың қолдауымен меңгерді.

– Өте қызықты тәжірибені бастан өткердік. Жарыс кезінде өзіңді мемлекетті өзгертетін, келешекті қалыптастыратын алып қозғалыстың бір бөлшегіндей сезінесің, осының бәрі өзіміздің Талдықорғанда өтті, – дейді жарысқа қатысқан Талдықорғандағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы Диана Хасимова.

Бұл хакатонның жеңімпаздары жақында Астанада өтетін «Digital Bridge – 2025» технологиялық форумында белгілі болады. Мұндай шара үздік командалардың жобаларын кеңінен таныстыруына, инвесторлардың назарын аудартуға және тиімді идеялардың жүзеге асуына мүмкіндік береді.

Жетісу облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Фотосуреттерді «Jetisu Digital» ІТ-хаб ұсынды.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Еуропаның сән сахнасын бағындыруға 20 қатысушы аттанады

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ҚР Мәдениет және ақпарат министрі «Үстірт» нысанының құжаттамасын ЮНЕСКО-ға ресми түрде табыс етті

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жеті гүл» фильмі қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі.

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.