Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Аймақ жаңалықтарыЖаңалықтарҚоғам

Ерлі-зайыптыларға қос азаматтығы үшін 738 мың теңге айыппұл салынды

Фото: polisia.kz

Америкалық ерлі-зайыптыларға қос азаматтығы үшін 738 мың теңге айыппұл салынды,

Түркістан қаласы әуежайындағы желілік полиция бөлімшесінің көші-қон қызметінің қызметкерлері ҰҚК-нің шекара қызметімен бірлесіп, Түркістан-Стамбұл бағытындағы әуе рейсіне тіркелу кезінде Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы заңнамасын бұзған ерлі-зайыптыларды анықтады. Олар 54 және 45 жастағы АҚШ азаматтары болып шықты.

Көлік полицейлері құқықбұзушыларға қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде шетел азаматтығын алу фактісін хабарламағаны үшін әкімшілік хаттама толтырып, материалды Түркістан облысының мамандандырылған әкімшілік сотына жолдады.

Сот шешімі бойынша шетел азаматтары 200 АЕК (738 мың 400 теңге) мөлшерінде әкімшілік айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Айта кетсек, бірінші жартыжылдықта Көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 1483 шетелдікті әкімшілік жауапкершілікке тартты. Оның ішінде сот шешімі бойынша 484 шетелдік елден шығарылды. Қос азаматтығы бар 181 адам анықталып, олар бойынша тиісті шаралар қабылданды.

 

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 31 МЫҢ ГА ЖЕР МЕМЛЕКЕТ МЕНШІГІНЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ

admin_altyalash

Президент «Қазатомөнеркәсіп» АҚ басқарма төрағасын қабылдады

admin_altyalash

Рұқсат етілмеген орындарда жарнама жасауға жол берілмеуі тиіс

admin_altyalash