Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықтарЖаңалықтарРуханиятФотогалерея

ШҚО-да «Шығыс Салбурыны-2025» фестивалі өтеді

8-11 қазан күндері Ұлан ауданына қарасты Бозанбай ауылында  салт-дәстүрдің, ұлттық мәдениет пен этноспорттың мерекесіне айналған халықаралық бесінші «Шығыс Салбурыны» фестивалі өтеді.

Бағдарламада бүркітшілер өнері, тазы иттерінің шеруі, қазақтың әдеп-ғұрыптары мен ұлттық киім көрсетілімі, 20 киіз үйден құралған этноауыл және гала-концерт бар.

Фестивальге Қазақстан, Ресей, Моңғолия, Венгрия, Қырғызстан және басқа да елдерден келгендер қатысады.

Өтетін орын: «Бүркіт төбе» этноалаңы

11 қазан күні сағат 8:00-де «ADAL» автовокзалынан Өскемен – Бозанбай – Бүркіт төбе бағытымен автобус жүреді (қайтар уақыт – сағат 16:00).

«Шығыс Салбурыны-2025» фестиваліне қатысып, дала рухын, ата-баба дәстүрін сезін!

Ұқсас жаңалықтар

Ғылым – қоғам игілігіне: жүрек-қан тамырлары ауруларын анықтауды жеңілдететін технология

admin_altyalash

Үкімет резервінен шаруаларды қолдауға 116 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді

admin_altyalash

Боранбаевқа шыққан сот үкімі күшін жойды

admin_altyalash