Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Аймақ жаңалықтарыЖаңалықтарСпорт

«Ақ бидай» спорттық ойындарының үздіктері марапатталды

Қонаевта республикалық «Ақ бидай» спорттық ойындарының үздіктері марапатталды. Облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев спортшылардың табандылығын атап өтіп, 17 спортшы мен спорт ұйымдарының өкілдері Алғыс хаттарға ие болды.

Алматы облысында өткен республикалық «Ақ бидай» спорттық ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері марапатталды. Өңір спортшылары мен сала мамандарына марапаттарды облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев табыстады.

Елдің түкпір-түкпірінен келген екі мыңға жуық спортшы футбол, волейбол, дзюдо, жеңіл атлетика секілді классикалық спорт түрлерімен қатар, қазақ күресі, тоғызқұмалақ, асық ату, аударыспақ сынды ұлттық ойындардан сынға түсті. Жарыс қорытындысы бойынша Түркістан облысы бірінші орынға ие болса, Алматы облысының құрама командасы күміс жүлдені жеңіп алды. Ал үшінші орын Батыс Қазақстан облысына бұйырды.

Облыс әкімі 17 спортшы мен спорт ұйымдарының өкілін алғыс хатпен марапаттап, олардың қажырлы еңбегін жоғары бағалады. Жүлдегерлер қатарында ұлттық спорт шеберлері мен спорт мектептерінің жетекшілері бар.

Алматы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ақжүрек Таңатаровтың айтуынша:
«Сол жерде атсалысқан федерациялар мен ұйымдастырушылар бар, спортшыларды облыс әкімінің алғыс хатымен марапаттадық. Жалпы 17 адам марапатталды. Федерация президенттері де бар. Қалған спортшыларымыз басқарманың алғыс хатымен тағы да марапатталады. Алматы облысы жоғары көрсеткішке қол жеткізіп отыр. Келесі төртжылдықта Солтүстік Қазақстанда өтетін додада бірінші орын аламыз деген сенімдеміз».

Ұқсас жаңалықтар

Алматыда 9 балдық жер сілкінсе, тұрғын үйлердің 30 пайызы қирауы мүмкін – ТЖМ

admin_altyalash

ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫНА ӘУЕЖАЙДЫҢ ЖАҢА ТЕРМИНАЛЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

admin_altyalash

Ақпан айы мал өсірушілер үшін ең қиын айлардың бірі болып қала береді

admin_altyalash