Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықтарЖаңалықтар

Жетісу облысындағы ауылдарды сумен қамтуға Арнаулы мемлекеттік қордан қаржы бөлінді

Мемлекет басшысының тапсырмасын жүзеге асыру аясында өңірлерде азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында қайтарылған активтер есебінен әлеуметтік маңызы бар инфрақұрылымды дамыту жұмыстары жүргізіліп жатыр. 

Үкімет  Арнаулы мемлекеттік қордан Жетісу облысындағы сумен жабдықтау жүйелерін жаңғыртуға және құрылыс жобаларына 480 млн теңге бөлді.

Жоба бойынша Алакөл ауданының Қоңыр ауылында ұзындығы 17 шақырым су желісін тарту және Қаратал ауданының Ұмтыл ауылында 4,8 шақырым су желісін жүргізу жоспарланған. Нәтижесінде, мыңнан астам ауыл тұрғыны ауыз сумен қамтылады.

Биыл Жетісу облысында сумен жабдықтау жүйесін жаңғырту және салу бойынша барлығы 18 жоба жүзеге асырылып жатыр.

2025 жылдың соңына қарай өңірдегі орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған ауылдардың үлесін 99,9%-ға дейін жеткізу жоспарланып отыр. Бұл – 329 ауыл мен шамамен 697 мың облыс тұрғыны.

Ұқсас жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАНДА ҚАЙТАРЫЛҒАН АКТИВТЕРДІҢ 148 МЛРД ТЕҢГЕСІ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ НЫСАНДАРЫН САЛУҒА ЖӘНЕ ЖАҢҒЫРТУҒА БАҒЫТТАЛҒАН

admin_altyalash

Жаңа үдерістер мен бағыттар

admin_altyalash

Абай облысында мас жүргізуші полиция қызметкерін қағып өлтірді

admin_altyalash