Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарМәдениетӨнер

Апталықтың мақсаты — ұлттық анимацияны насихаттау

Елордада Ұлттық анимациялық фильмдер апталығы басталды. Іс-шара Республика күніне, Мемлекеттік егемендік туралы декларацияның 35 жылдығына және Халықаралық анимация күніне орай ұйымдастырылды.

Ашылу рәсіміне еліміздің шығармашылық мамандықтарында оқитын студенттер, балалар мен ата-аналар, жас суретшілер және киносүйер қауым қатысты.

Аптаның алғашқы көрсетілімінде толықметражды «Алтын адам» анимациялық фильмі ұсынылды. Фильмде ерлік, рух және отаншылдық туралы оқиға баяндалады.

Бес күн ішінде көрерменге қазақстандық аниматорлардың үздік туындылары көрсетіледі. Олардың ішінде «Мұзбалақ», «Ақсақ құлан», «Әмен аға ағашы» және басқа мульфильмдер бар.

Айта кетейік, апталықтың мақсаты — ұлттық анимацияны насихаттау, жас авторларды қолдау және отандық мәдениетке қызығушылықты арттыру.

Барлық көрсетілімдер 20–24 қазан аралығында «Қазақстан» Орталық концерт залында (Мәңгілік ел даңғ., 10/1) өтеді. Кіру тегін.
Басталу уақыты – сағ. 16:00.

Ұқсас жаңалықтар

Бүгін – ұлттық мұрамызды ұлықтайтын Домбыра күні

admin_altyalash

Аида Балаева: Жас қаламгерлермен әдебиеттегі өзекті мәселелерді талқылау – заман талабы

admin_altyalash

Қазақстандықтар жаңа Конституция жобасымен алдын ала таныса алады

admin_altyalash