Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Аймақ жаңалықтарыЖаңалықтарСпорт

Ұлы ағартушыны ұлықтаған жеңіл атлетика мерекесі

Қостанай қаласында ұлы ағартушы-педагог Ыбырай Алтынсариннің құрметіне арналған дәстүрлі жеңіл атлетикалық жарыс өтті.

Жарысқа Қостанай, Рудный, Жітіқара, Лисаков қалаларынан, Қостанай және Қарасу аудандарынан келген 500-ге жуық спортшы мен әуесқой жүгірушілер қатысты.

Жүгіру үш қашықтықты қамтыды:

1,2 км — 2013–2015 жылы туған қатысушылар арасында,

1,2 км — 2010–2012 жылы туған қатысушылар арасында,

12 км — барлық жастағы қатысушылар үшін.

Жарыс қорытындысында әр жас санаты бойынша жеңімпаздар анықталып, олар лайықты түрде грамоталармен, медальдармен, массажға сертификаттармен және естелік сыйлықтармен марапатталды. Абсолюттік біріншілікте үздік шыққандарға ақшалай сыйлықтар табысталды.

Абсолюттік біріншіліктің нәтижелері:

Ерлер арасында:
🥇 орын — Доспулов Даур
🥈 орын — Ковалев Владислав
🥉 орын — Каримов Ринат

Әйелдер арасында:
🥇 орын — Нерознак Татьяна
🥈 орын — Хажиева Аида
🥉 орын — Алдамуратова Эльмира

Барлық қатысушыларға белсенділік танытқандары, спорттық рухы және тамаша көңіл күй үшін алғыс айтамыз!

Ұқсас жаңалықтар

Алматы облысында жоғалып кеткен шопандар табылды

admin_altyalash

Келесі жылы Қазақстанда шегіртке қаптауы мүмкін – АШМ

admin_altyalash

Біздің мақсатымыз – бұл жүйені қалаларда ғана емес, аудан орталықтары мен ауылдарда да қолжетімді ету

admin_altyalash