Ербол Мырзабосынов XXV жазғы Сурдлимпиада ойындарының қарсаңында ұлттық құрамаға Мемлекеттік Туды табыс етті – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сенбі, Қараша 8, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ жаңалықтары

Ербол Мырзабосынов XXV жазғы Сурдлимпиада ойындарының қарсаңында ұлттық құрамаға Мемлекеттік Туды табыс етті

08.11.2025
0
Ербол Мырзабосынов XXV жазғы Сурдлимпиада ойындарының қарсаңында ұлттық құрамаға Мемлекеттік Туды табыс етті

Бүгін, 8 қарашада “Алматы” Олимпиадалық даярлау орталығында XXV жазғы Сурдлимпиада ойындарына қатысатын Қазақстан ұлттық құрамасын салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өтті.

Іс-шараға Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов, Ұлттық Сурдлимпиада комитетінің президенті Серік Сапиев қатысты.

Рәсім барысында Министр Қазақстанның Мемлекеттік Туын ұлттық құрама командасына салтанатты түрде табыс етіп, спортшыларға сәттілік пен жарқын жеңістер тіледі.

«Жазғы Сурдлимпиада ойындары — елдің спорттық әлеуетін көрсететін маңызды алаң. Сіздердің ерік-жігерлеріңіз бен қайсар мінездеріңіз адам мүмкіндігінің шексіз екенін дәлелдейді. Миллиондаған адамдар сіздердің табандылықтарыңыздан шабыт алып, өмір сынақтарын еңсеруді үйренеді. Бүгін табысталатын Ту — ел бірлігі мен жеңістің символы. Сіздердің халықаралық аренада еліміздің абыройын асқақтатып, көк байрағымызды биікте желбірететініңізге сенімдімін», – деді Ербол Мырзабосынов.

Министр өз сөзінде елімізде спортшылардың сапалы дайындалуы үшін барлық жағдай жасалып жатқанын да атап өтті:

«Бүгінде елімізде спортшылардың сапалы дайындалуы үшін барлық мүмкіндік жасалған. 2029 жылға дейін 113 жаңа спорт нысанын салу және 26 нысанды жаңғырту жоспарланып отыр. Алматы облысындағы Олимпиадалық дайындықтың заманауи базасында 2 300 спортшы бір мезетте жаттыға алады. Сонымен қатар, өңірлерде «100 жылдам салынатын спорт нысаны» жобасы табысты іске асуда – соңғы бір жылда 25 жаңа кешен пайдалануға берілді. Елордада салынып жатқан Ұлттық спорт университеті болашақта спорт саласындағы кадрларды үздіксіз даярлау жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік береді», – деді министр.

✔️Туды табыс ету құрметі сурдо дзюдодан Қазақстан Республикасының спорт шеберлері, XXIV жазғы Сурдлимпиада ойындарының жүлдегерлері Айдос Түгелбаев пен Анна Крамороваға бұйырды.

«Бүгін – мен үшін ерекше күн. Сурдлимпиадада Қазақстанның көк туын алып шығу – үлкен жауапкершілік әрі зор мәртебе. Бұл – әр спортшының арманы. Біз ел намысын қорғап, жеңіс үшін бар күшімізді саламыз», – деді Айдос Түгелбаев.

🔹Айта кетсек, XXV жазғы Сурдлимпиада ойындары 15–26 қараша аралығында Жапонияның астанасы Токио қаласында өтеді. Байрақты додада 80 елден шамамен 3 000 спортшы 21 спорт түрінен бақ сынап, 223 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Қазақстаннан 78 спортшы 8 спорт түрінен қатысады: жеңіл атлетика, еркін және грек-рим күресі, бадминтон, үстел теннисі, жүзу, дзюдо және таеквондо.

 

 

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Қазақстанның Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мен Oracle компаниясы ЖИ және «бұлтты» технологиялар саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

«Әкесінің қайтыс болғанын білген кезде, өзімді кешіре алмадым»

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Директор – өзгерістер көшбасшысы

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жеті гүл» фильмі қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі.

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.