Алматыда Міржақып Дулатовтың 140 жылдығына арналған шығармашылық байқау өтті – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сәрсенбі, Қаңтар 21, 2026
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматыда Міржақып Дулатовтың 140 жылдығына арналған шығармашылық байқау өтті

27.11.2025
0
Алматыда Міржақып Дулатовтың 140 жылдығына арналған шығармашылық байқау өтті

№136 мектеп-гимназияда қала мектептері ұстаздарының басын қосқан «Міржақып оқулары» атты шығармашылық байқау өтті. Іс-шараны Алмалы ауданы әкімінің аппараты мен аудандық білім бөлімі ұйымдастырды.

Бағдарлама басталар алдында қонақтарға Міржақып Дулатов атындағы мектеп музейіне шағын экскурсия өткізілді. Келушілерге ағартушының жеке заттары, сирек құжаттары, қолжазбалары мен оның өмірі мен қоғамдық қызметіне қатысты деректер таныстырылды. Бастауыш сыныптың екі оқушысы Дулатовтың өмірбаянын баяндап, өлеңдерін оқыды.

Іс-шараның ресми бөлімі акт залында бастауыш сынып оқушыларының орындауындағы «Алаш маршы» әнімен ашылды. Хор болып шырқалған бұл туынды байқаудың шымылдығын түріп, Қазақстан тарихындағы Алаш қозғалысының маңызы мен Міржақып Дулатовтың ұлттың рухын оятудағы рөлін еске салды.

«Бүгін біз ұлы ақынның туған күнінде жиналып, елдің ертеңін ойлап, ұлт болашағы үшін күрескен Алаш қайраткерлерін еске алып отырмыз. Міржақып Дулатовтың «Оян, қазақ!» деген үндеуі бүгін де өзекті. Байқаудың мақсаты – өскелең ұрпақты ата-баба мұрасымен таныстырып, әйгілі тұлғаның өмірі мен шығармашылығын насихаттау, оны бүгінгі жас буынның тәрбиесімен сабақтастыру. Дулатовтың идеялары қазақтың ұлттық санасының қалыптасуына және елді ағарту арқылы біріктіруге зор ықпал етті», – деді құттықтау сөзінде Міржақып Дулатовтың тарихи тұлға ретіндегі мәні мен оның мұрасын ұрпаққа жеткізудің маңызын атаған Алмалы ауданы әкімінің орынбасары Ербол Қалдарбеков. Сондай-ақ, ол мұғалімдер қазір де ағартушылық миссияны жалғастырып, жастарға білім мен құндылықты бойына сіңіруде үлкен рөл атқаратынын айтты.

Мектеп ұжымы «Бақытсыз Жамал» романы бойынша сахналық қойылым көрсетіп, қазақ прозасының алғашқы романы саналатын бұл туындының атмосферасын көрерменге жеткізе білді. Одан кейін төртінші сынып оқушылары халық биін билеп, педагогтар музыкалық нөмірлер ұсынды.

№136 мектеп-гимназия директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Майра Тұрғанбаева бұл іс-шараның ауқымын, байқауға 180 адам қатысқанын атады. Оның айтуынша, байқау алғаш рет өткізіліп отыр, болашақта жыл сайынғы дәстүрге айналуы мүмкін. Сонымен қатар 855 оқушы білім алып жатқан гимназиядағы оқушылардың Міржақып Дулатовтың мұрасымен танысуы ерекше маңызды екенін жеткізді.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Алматыдағы зообақты кең көлемде жаңғырту жоспарланып отыр

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

«Тайталас тағдыр» кітабы – бұл заман құжаты, автордың болашақпен сөйлесуі

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Директор – өзгерістер көшбасшысы

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жеті гүл» фильмі қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі.

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.