Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы Нұртөре Жүсіп Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік академиясының Президенті, мемлекет және қоғам қайраткері Бақытжан Жұмағұловтың «Тайталас тағдыр» кітабының тұсаукесеріне арналған іс-шараға қатысты.
Кітап тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуындағы негізгі кезеңдерді бейнелейді және автордың жеке тәжірибесін ел дамуына әсер еткен мемлекеттік реформалар тарихымен біріктіреді. Қатысушылар ғылыми қауымдастықтың инженерлік-техникалық әлеуетті қалыптастыруға қосқан үлесін және мұндай басылымдардың кәсіби орта үшін маңызын талқылады.
«Бүгінгі іс-шараның шынайы тарихи, символдық және рухани маңызы зор. Біз мұнда тек жаңа кітаптың тұсаукесері үшін ғана жиналған жоқпыз, біз тұтас бір дәуірдің көрінісіне куә болдық», – деп атап өтті сенатор.
Нұртөре Жүсіп кітаптың талдау тереңдігімен ерекшеленетінін және қазіргі мемлекеттіліктің дамуын айқындаған процестерге жаңаша көзқараспен қарауға мүмкіндік беретінін жеткізді. Сенатор мұндай еңбектердің зияткерлік сабақтастықты қалыптастыратынын және басқарушылар, зерттеушілер мен инженерлік қауымдастық үшін маңызды бағдар болатынын айтты.
«Көрнекті қайраткерлердің кітаптарының тұсаукесері – әрқашан уақыттан асқан ойдың салтанатын білдіретін оқиға. Ал оның авторы ҚР Ұлттық инженерлік академиясының Президенті болса, бұл ұлттық ауқымдағы оқиғаға айналады. «Тайталас тағдыр» кітабы – бұл заман құжаты, автордың болашақпен сөйлесуі. Мұндағы «Тайталас» – текетірес емес, идеялардың қақтығысы, ал «Тағдыр» – реформалар, сынақтар және дамудың жаңа көкжиектері арқылы өткен ел тағдыры», – деді сенатор.
Кездесу соңында басылымның мемлекеттік қызметшілер, ғалымдар және инженерлік қауымдастық үшін маңызды зияткерлік ресурсқа айналатыны атап өтілді.

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.