Көркем гимнастикадан әлем чемпионы атанған елордалық спортшы «Үздік-2025» сыйлығына ие болды – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Дүйсенбі, Желтоқсан 29, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Көркем гимнастикадан әлем чемпионы атанған елордалық спортшы «Үздік-2025» сыйлығына ие болды

26.12.2025
0
Көркем гимнастикадан әлем чемпионы атанған елордалық спортшы «Үздік-2025» сыйлығына ие болды

Астанада Туризм және спорт министрлігінің жыл сайынғы дәстүріне айналған «Үздік-2025» спорт сыйлығының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.

Салтанатты іс-шараға спорт саласының ардагерлері, Олимпиада жүлдегерлері, белгілі спорт қайраткерлері мен спорт журналистері қатысты.

«2025 жылы спорт саласына көптеген жүйелі өзгерістер енгізілді. Қазақстанда жоғары жетістіктер спорт түрлері бекітіліп, оған 65 спорт кірді. Сондай-ақ биыл 50-ден аса тарихи жетістіктер тіркелді. Шорт-трекшілердің Азия ойындарындағы алғашқы алтыны, семсерлесушілердің командалық сындағы қола жүлдесі, көркем гимнастикадағы тарихи жүлде, «Қайрат» клубының алғаш рет Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіне шығуы сынды оң жаңалықтар болды. Елімізде де халықаралық деңгейде бокстан әлем кубогының кезеңі, ауыр атлетикадан жасөспірімдер мен жастар арасындағы Азия чемпионатын қабылдадық.

Жаңа спорттық инфрақұрылым нысандары салынды. Оның ішінде Қызылорда қаласында футбол стадионы, Түркістанда ескек есу арнасын айтуға болады. Енді 2026 жыл да бәрімізге табысты болғай», – деп министр өз сөзінде атап өтті.

Марапат барысында Астана қаласының спортшысы, көркем гимнастикадан жасөспірімдер арасында тұңғыш әлем чемпионы Ақмарал Ерекешева «Жас және жасөспірімдер құрамындағы спортшы» номинациясының жеңімпазы атанды.

«2025 жыл мен үшін өте табысты өтті деп айта аламын. Себебі жасөспірімдер арасындағы жаһандық додада 2 алтын, 1 күміс медаль жеңіп алдым. Осы жетістіктерімді ескерген министрлік тарапына өз алғысымды білдіремін. Енді 2026 жылы жаңа мақсаттар күтіп тұр. Өйткені енді мен ересектер санатына ауысамын», – деді Ақмарал Ерекешева.

«Үздік-2025» сыйлығының жеңімпаздары:

«Жылдың үздік спортшысы» – Алуа Балқыбекова (бокстан 2 дүркін әлем чемпионы), Айдос Сұлтанғали (грек-рим күресінен қазақстандықтар арасында 26 жылдан кейін әлем чемпионы атанған балуан), Файна Мейірманова (жеңіл атлетикадан Сурдлимпиада ойындарының чемпионы);

«Жылдың үздік жаттықтырушысы» – Долкунжан Камеков (Алуа Балқыбекованың жаттықтырушысы), Ғабиден Райымбек (Айдос Сұлтанғалидің жаттықтырушысы);

«Спорттағы үздік серпін» – Дастан Сәтпаев («Қайрат» клубының ойыншысы);

«Жас және жасөспірімдер құрамындағы спортшы» – Ақмарал Ерекешева (көркем гимнастикадан жасөспірімдер арасында тұңғыш әлем чемпионы), Дінмұхаммед Раймқұлов (фристайл-акробатикадан тарихи әлем чемпионы), Ксения Прозорова (ауыр атлетикадан әлем чемпионы);

«Жылдың үздік аккредиттелген спорт федерациясы» – Қазақстан бокс федерациясы (2024 жылы төрт бірдей әлем чемпионатына қатысып, рекордтық 13 алтын медальді жеңіп алды);

«Үздік спорттық өңір» – Қызылорда облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасы (Қызылорда қаласында 11 мың жанкүйерге арналған футбол стадионы ашылды);

«Жылдың үздік спорт ұйымы» – Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының Ұлттық және ат спорты түрлері бойынша спортты дамыту дирекциясы.

«Ауылдық жердегі үздік дене шынықтыру және спорттан нұсқаушы» – Сержан Баденов (Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданы, Құмарық ауылдық округі);

«Аудандық үздік дене шынықтыру және спорт бөлімі» – Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы дене шынықтыру және спорт бөлімі (Bugyly Trail атты халықаралық жүгірісті өткізеді);

«Жылдың үздік ауыл жаттықтырушысы» – Владимир Шалыгин (Қостанай облысы, шаңғыдан жаттықтырушы);

«Дене шынықтыру және спорт саласындағы үздік маман» – Мейрам Нұртазин (Астана қ.);

«Жылдың үздік балалар жаттықтырушысы» – Хислат Мамметов (әйелдер күресінен U17 санатында әлем чемпионы Мадхия Усманованы дайындады);

«Ауылдық жердегі үздік дене шынықтыру және спорт әдіскері» – Алтынбек Сарбупин (Ақтөбе облысы);

«Үздік спорт меценаты» – FREEDOM компаниясы;

Сейдахмет Бердіқұлов атындағы номинацияның жеңімпаздары – Азат Смағұлов (Qazsport телеарнасы), Қанат Байұзақов (Elordainfo.kz сайты), Әсел Әбілбек (BAQ.KZ сайты), Тұрар Қазанғап (Beles.kz сайты).

 

 

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Ыстамбұлда «Қазақконцерт» әртістері өнер көрсетті

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Алматыда туристік нысандардың тактильді үлгілері орнатылды

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Директор – өзгерістер көшбасшысы

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жеті гүл» фильмі қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі.

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.