Саран қаласында жаңа зауыттар іске қосылуға дайындалуда – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сенбі, Қаңтар 17, 2026
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ жаңалықтары

Саран қаласында жаңа зауыттар іске қосылуға дайындалуда

16.01.2026
0
Саран қаласында жаңа зауыттар іске қосылуға дайындалуда

Қарағанды облысында өңірдің өнеркәсіптік өсімінің негізгі драйверлерінің біріне айналған Saran индустриялық аймағын дамыту қарқынды жалғасып жатыр. Биыл мұнда жаңа өндіріс орындарын, соның ішінде HOWO брендімен жүк көліктерін шығаратын зауытты іске қосу жоспарланған.

Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев Saran индустриялық аймағына барып, жаңа жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысты. Өңір басшысына іске асырылып жатқан өндірістер жөнінде баяндалды.

«ТЭМПО Қазақстан» ЖШС металл конструкцияларын салу мен су құбырларын тартуда қолданылатын тік жікті болат құбырлар өндірісін жолға қояды.

Жобаның құны – 20 млрд теңге, ал жобалық қуаты жылына 250 мың тоннаға дейін өнім шығаруға мүмкіндік береді. Кәсіпорында 400-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылады. Қазіргі таңда зауытта жабдықтарды реттеу жұмыстары жүргізіліп, шағын өлшемді құбырларды шығару басталған.

HOWO жүк көліктерін өндіру жобасы импортқа тәуелділікті азайтуға бағытталған. Жобаны іске асыру 24 млрд теңге көлемінде инвестиция тартуға және шамамен мың жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.

Толық қуатына шыққан кезде зауыт жылына 10 мыңға дейін техника өндіреді. Құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп жатыр, сонымен қатар жабдықтар жеткізілуде.

Ермағанбет Бөлекпаев сондай-ақ құрылыс нысандарын жылу және дыбыс оқшаулауға арналған минералды мақта өндіретін болашақ зауыттың алаңын аралады. Мұнда құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталуға жақын, жабдықтарды орнату басталған.

 

Кәсіпорынды іске қосу биыл жоспарланып отыр.

Зауытта 200-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылады, ал өндіріс маңындағы сервистік ұйымдар арқылы мыңнан астам адам жұмыспен қамтылады.

Сонымен қатар QazTehna зауытында облыс әкіміне Қазақстандағы алғашқы штамптау өндірісі таныстырылды. Qarmet кәсіпорнында өндірілген отандық мырышталған болаттан автокөлік кузовының бөлшектері жасалады. Ол үшін инновациялық гидравликалық штамптау пресі сатып алынған. Машина жасау кәсіпорнында жергілікті қамту үлесі артып, өндірісті оқшаулау деңгейі айтарлықтай өсті.

– Saran индустриялық аймағы кеңеюін жалғастырып, жаңа жұмыс орындарын құруда. Өңдеу өнеркәсібінде ірі жобалар іске асырылуда. Жақында Премьер-министр бұл сектордың көлемін арттыру міндетін қойған болатын, біз осы бағытта жүйелі жұмыс жүргізіп келеміз, – деді Ермағанбет Бөлекпаев. – Жобалардың іске асырылу барысын тексердім. Алдағы уақытта да бақылауда ұстап, туындайтын мәселелерді шешуге қолдау көрсетеміз. Жалпы облыс бойынша биыл өнеркәсіп өсімін кемінде 7 пайызға жеткізуді мақсат етіп отырмыз.

Saran индустриялық аймағының дамуына мемлекет есебінен салынған инженерлік инфрақұрылым айрықша серпін беріп отыр. Барлық қажетті коммуникациялар толық жеткізілген. Зауыттар табиғи газға қосылған, бұл энергия шығындарын азайтып, өндірісті экологиялық тұрғыдан тиімді етеді. Алдағы уақытта индустриялық аймақты облыс орталығымен тікелей байланыстыратын айналма жол салу жоспарланған.

 

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

СЫР ӨҢІРІ ҚЫТАЙМЕН АГРОӨНЕРКӘСІП САЛАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ КЕҢЕЙТУДЕ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Мемлекет басшысы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Талғат Алдыбергеновті қабылдады

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Директор – өзгерістер көшбасшысы

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жеті гүл» фильмі қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі.

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.