Павлодарда жаңа мектеп ашылды – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Бейсенбі, Қаңтар 22, 2026
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ жаңалықтары

Павлодарда жаңа мектеп ашылды

21.01.2026
0
Павлодарда жаңа мектеп ашылды

Павлодар қаласында Гагарин көшесі, 58/4 мекенжайы бойынша орналасқан №47 орта мектептің салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Осынау маңызды оқиғамен ұстаздар мен оқушыларды облыс әкімі Асайын Байханов құттықтады.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Болашақ мектептері» бастамасы аясында өңірімізде білім беру саласын дамыту бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Соңғы үш жылда облыста 10 жаңа мектеп салынып, соның арқасында үш мыңға жуық бала сапалы әрі заманауи білім алуда, – деп атап өтті өңір басшысы.

«Келешек мектеп» жобасы балалардың зерттеушілік дағдылары мен шығармашылық ойлау қабілетін дамытатын жаңа буындағы білім беру кеңістіктерін қалыптастыруға бағытталған. Аталмыш мектептің құрылысы 2024 жылдың желтоқсанында басталды. Жобаның тапсырыс берушісі – «Samruk-Kazyna Construction» АҚ.

Жаңадан бой көтерген заманауи төрт қабатты мектепте 805 оқушы білім алуда, 39 сынып ашылып, 75 жоғары білікті ұстаз білім беру үдерісін қамтамасыз етуде.

Сапар барысында облыс әкімі тамақтану мәдениеті, дизайн және технология шеберханаларын, оқу кабинеттерін, спорт және мәжіліс залдарын, STEM-зертхананы, музыка сыныптары мен кітапхананы аралап көрді. Сондай-ақ өңір басшысы мектеп оқушыларымен әңгімелесіп, білімге ұмтылыс пен зерттеушілік дағдының маңыздылығын атап өтті.

Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі
Суреттерді түсірген Валерий Бугаев

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Алматыда бейімді спортты дамытуға талпынып жатыр

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Шахматты бұқаралық деңгейде дамытуға бағытталған маңызды бастама.

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Директор – өзгерістер көшбасшысы

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жеті гүл» фильмі қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі.

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.