Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарЗаң мен тәртіп

Теміржолдағы жүк ұрлығымен айналысқан азаматтарға сот шешімі шықты

Көліктегі полиция департаментінің криминалдық полиция қызметкерлері Бас көлік прокуратурасының үйлестіруімен жүргізген ауқымды әрі жүйелі жұмысының нәтижесінде теміржол құрамдарының контейнерлерінен жүк ұрлаумен айналысқан қылмыстық топтың әрекеті әшкереленді.

2025 жылғы сәуір айында көлік полицейлері Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарының тұрғындарынан құралған алты адамнан тұратын қылмыстық топты ұстады. Тергеу барысында олардың 2024 жылғы тамыздан 2025 жылғы сәуірге дейін “ҚХР-Еуропа” халықаралық бағытымен қатынаған пойыздардың контейнерлерінен жүктерді жүйелі түрде ұрлап келгендері анықталды.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында аталған топтың төрт ұрлық дерегіне қатысы бар екені дәлелденді. Ұрланған заттардың ішінде бейнебақылау камералары, балалар арбалары және көлік бөлшектері болған. Жүк иелеріне келтірілген жалпы шығын 212 миллион теңгеден асты. Қылмыстық топтың барлық мүшелерінің кінәсі толық дәлелденіп, келтірілген материалдық залал толық көлемде өтелді.

Сот шешімімен олардың әрқайсысына 4 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

Көліктегі полиция қызметкерлері жүк тасымалының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және халықаралық көлік логистикасы қатысушыларының мүдделерін қорғау бағытындағы жұмысты жалғастыруда.

Ұқсас жаңалықтар

Бүгінгі таңда Қазақстан Еуропа Одағында күнбағыс шротын экспорттау көлемі бойынша үшінші орын алады

admin_altyalash

Ауыл шаруашылығы – аудан экономикасының негізгі бағыттарының бірі

admin_altyalash

Үй алуға көмектесемін деген желеумен азаматтарды алдаған

admin_altyalash