Қазақстанның инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінде жаңа Конституция жобасы талқыланды – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Бейсенбі, Ақпан 5, 2026
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстанның инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінде жаңа Конституция жобасы талқыланды

04.02.2026
0
Қазақстанның инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінде жаңа Конституция жобасы талқыланды

Қазақстанның инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінде Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасын талқылауға арналған академиялық тыңдау өтті. Іс-шара елдің құқықтық жүйесін жаңғырту және конституциялық реформалау мәселелері бойынша ғылыми-сараптамалық диалог алаңына айналды.
Академиялық тыңдауды университет ректоры, облыстық мәслихат депутаты Баяхов Әліби Науханұлы ашып, жаңа Конституция жобасының мемлекет дамуы үшін маңыздылығына тоқталды. Ол құқықтық мемлекет қағидаттарын нығайтуда, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауда бұл құжаттың айрықша рөл атқаратынын атап өтті.
Іс-шара барысында цифрландыру жұмыстары бойынша проректор Дусказиева Жанар Нұрлыбаевна Мемлекет басшысының бастамасымен әзірленген жаңа Ата заң жобасының негізгі бағыттарына кеңінен тоқталды. Оның айтуынша, Конституциялық комиссияның жұмысы аясында ашық қоғамдық талқылаулар өткізіліп, азаматтар мен сарапшылардан түскен ұсыныстар жан-жақты зерделенген. Соның нәтижесінде жаңа Конституция жобасы әзірленіп, көпшілік назарына ұсынылған.
Сонымен қатар, Құқықтану кафедрасының аға оқытушысы Жанғалиев Ринат Жұмагелдіұлы құқықтық мемлекетті нығайту, адам құқықтарын қорғау және билік тармақтары арасындағы тепе-теңдікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша ғылыми-құқықтық талдау жасады.
М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің профессоры, техника ғылымдарының докторы, Қазақстанның инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінің академиялық серіктесі Кибальников Сергей Владимирович те сөз сөйлеп, конституциялық реформалардың халықаралық тәжірибедегі орны мен маңызына тоқталды.
Іс-шара соңында талқылауды «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының иегері, Қазақстан Ұлттық инженерлік академиясының вице-президенті, «Жаңару» жалпыұлттық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысы» РҚБ Батыс Қазақстан облыстық филиалының директоры, Қазақстанның инновациялық және телекоммуникациялар жүйелері университетінің құрылтайшысы, академик Әйтімов Ақсерік Сарыұлы қорытындылап, конституциялық реформалардың ел дамуы үшін стратегиялық маңызын атап өтті.
Сондай-ақ, іс-шараға қатысушылар мұндай академиялық алаңдар қоғамның құқықтық санасын арттыруға және азаматтық белсенділікті күшейтуге оң ықпал ететінін жеткізді.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Ермұрат Бапи: Тәуелсіздік дегеніміз – ең алдымен, жалпыұлттық бірлік пен келісім

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Үкіметте Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасын жүзеге асыру барысы қаралды

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Директор – өзгерістер көшбасшысы

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жеті гүл» фильмі қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі.

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.