«Түркі елдерінде мемлекеттік тілді оқыту жүйесі» атты халықаралық ғылыми-әдістемелік дөңгелек үстел өтті – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жұма, Ақпан 13, 2026
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

 «Түркі елдерінде мемлекеттік тілді оқыту жүйесі» атты халықаралық ғылыми-әдістемелік дөңгелек үстел өтті

12.02.2026
0
 «Түркі елдерінде мемлекеттік тілді оқыту жүйесі» атты халықаралық ғылыми-әдістемелік дөңгелек үстел өтті

2026 жылғы 11 ақпанда Халықаралық қазақ тілі академиясы, Мемлекеттік тілді дамыту институты және Халықаралық түріктану орталығының ұйымдастыруымен «Түркі елдерінде мемлекеттік тілді оқыту жүйесі» атты халықаралық ғылыми-әдістемелік дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараның мақсаты – түркі елдеріндегі орта білім беру жүйесінде мемлекеттік тілдің оқытылу ерекшеліктерін, оқу бағдарламалары мен оқулықтардың жай-күйін, ұлттық білім беру саясатының негізгі бағыттарын ғылыми тұрғыда талдау, салыстыру және сараптау.

Дөңгелек үстелде Халықаралық қазақ тілі академиясының президенті, ҚР Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Қажыбек Ерден Задаұлы кіріспе сөз сөйлеп, мемлекеттік тілді оқыту мәселесінің түркі елдері үшін стратегиялық маңызын атап өтті. Жиын Түркия Республикасы Түрік мәдениеті ғылыми-зерттеу институтының директоры, профессор Ахмет Бижан Ержыласұнның құттықтау сөзімен ашылды. Түркі халықтары арасындағы ғылыми ынтымақтастықтың өзектілігіне тоқталды. Одан кейін Мемлекеттік тілді дамыту институтының атқарушы директоры, ф.ғ.к. Қапалбек Бижомарт Сейсенбекұлы Бастауыш мектепте функционалдық пәндерді оқыту жүйесі тақырынбында баяндама жасады.

Жиын барысында Қазақстан, Түркия, Әзірбайжан, Қырғызстан, Өзбекстан және Қарақалпақстан Республикасынан келген ғалымдар мен сарапшылар баяндама жасап, бастауыш және орта білім беру деңгейінде мемлекеттік тілді оқытудың құрылымы мен мазмұны, оқу бағдарламалары мен оқу-әдістемелік кешендердің сапасы, тілдік пәндерге бөлінетін оқу сағаттары, фольклорлық материалдарды қолдану мәселелері, сондай-ақ мемлекеттік тілді оқытудағы түйткілдер мен оны жетілдірудің болашақ бағыттары жан-жақты талқыланды.

Шара аясында Мемлекеттік тілді дамыту институтында жарық көрген «Мемлекеттік тілді оқытудың деңгейлері мен сатылары» атты монография таныстырылды.

Дөңгелек үстелге тіл білімі, оқыту әдістемесі және білім беру саласының жетекші ғалымдары, педагогтер мен практик-мамандар қосқанда онлайн және оффлайн 150 адам қатысты. Жиын түркі елдері арасындағы ғылыми-академиялық ынтымақтастықты дамытуға және мемлекеттік тілді оқыту саласындағы өзекті мәселелерді талқылап ортақ қарар қабылдауға мүмкіндік берді.

 

 

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Жаңа өндіріс орны өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін нығайтып, экспорттық әлеуетін арттыруға серпін бермек

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Жаңа конституция 1 шілдеде күшіне енеді

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Директор – өзгерістер көшбасшысы

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жеті гүл» фильмі қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі.

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.