Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарҚоғам

Кикбоксинг аңызы Сабыржан Махметов өмірден өтті…

Фото: 1bol.kz
Қазақстандық кикбоксингтің аңызы, жекпе-жек спортындағы ең беделді бапкерлердің бірі, КСРО құрамасын басқарған жалғыз қазақ Сабыржан Махметов өмірден өтті. Бұл туралы журналист Қанат Ескендір әлеуметтік желіде хабарлады.

Сабыржан Ғалымжанұлы Махметов – Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы, жекпе-жек спортын дамытуға өлшеусіз үлес қосқан тұлға. Ол сондай-ақ Жекпе-жек федерациясының негізін қалаушы және жетекшісі ретінде кеңінен танылды.

Өз өмірін спортпен байланыстырған бапкер бұл саланың ауыр да жауапты екенін жиі атап өтетін.

«Менің саналы ғұмырымның барлығы кәсіби спорт әлемімен байланысты. Бұл салада екі ғана жол бар: жеңімпаз болу немесе жеңілу. Мұнда өтірікке де, жасандылыққа да орын жоқ. Спортта да, өмірде де талай сыннан өттім. Төзім мен сабыр үнемі сыналады. Тек өз күшіне сенетін, жауапкершілікті мойнына алатын адам ғана шыңға шыға алады. Ең бастысы – туған елге адалдық», – деп жазған еді ол.

Сабыржан Махметов өз жетістіктеріне жетуде әке тәрбиесінің маңызы зор болғанын да жиі айтатын.

«Әкемнің ақылы эмоцияны тежеп, мақсатқа шоғырлануға көмектесті. Ата-анам үнемі «кейін өзіңе де, бізге де ұят болмайтындай өмір сүр» деп үйретті. Әр адам арқылы халық пен ел бағаланады. Туған жерге деген махаббатты жүрегімде өмір бойы алып өтемін», — деген болатын марқұм.

Сабыржан Махметовтің қазасы –Қазақстан спорты үшін ауыр қайғы. Оның есімі мен еңбегі қазақ кикбоксингі тарихында мәңгі сақталады.

Ұқсас жаңалықтар

Іс-шараның басты мақсаты – жастарды экологиялық және әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуге тарту

admin_altyalash

Бүгінде еңбегімен ел алғысына бөленіп жүрген жандардың қоғамда алар орны бөлек

admin_altyalash

Қазақстанда жасанды интеллект ұлттық орталығы ашылады

admin_altyalash