Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарМәдениет

Іс-шараның басты мақсаты – жастарды экологиялық және әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуге тарту

Өзбекстанда «Жастар – болашақ жасампаздары» атты IV Халықаралық экология және туризм құрылтайы өтті. Іс-шараның басты мақсаты – жастарды экологиялық және әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуге тарту, сондай-ақ туризмді дамытуға ықпал ету.

Форумға Өзбекстан, Қазақстан және басқа да шет елдерден мыңға жуық қатысушы жиналды. Бағдарлама аясында конкурстар, семинарлар, спорттық жарыстар, экологиялық және туристік жобалардың таныстырылымдары, сондай-ақ жастар кәсіпкерлігін дамытуға бағытталған іс-шаралар өтті. Сонымен қатар мәдени бағдарламалар, танымал тұлғалармен кездесулер де ұйымдастырылды.

Қазақстандық команда құрылтайда сәтті өнер көрсетіп, КТК ойынында бірінші орынды иеленді. Сондай-ақ, Eco Fashion байқауында арнайы номинацияны да жеңіп алды.

Ұқсас жаңалықтар

«Шаңырақ күні» жалпыұлттық отбасылық құндылықтар мен кіршіксіз махаббат күніне айналады

admin_altyalash

Цифрландыру – мәдениет пен ақпарат саласындағы тың мүмкіндіктер алаңы

admin_altyalash

Әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асыру жалғасуда

admin_altyalash