Негізгі мақсат — ерте диагностиканы күшейту, медициналық көмекті үйлестіру – Altyalash.kz
Saturday, February 28, 2026
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz
No Result
View All Result
Басты бет Денсаулық

Негізгі мақсат — ерте диагностиканы күшейту, медициналық көмекті үйлестіру

27.02.2026
0
Негізгі мақсат — ерте диагностиканы күшейту, медициналық көмекті үйлестіру

Алматы онкологиялық орталығы базасында онкологиялық бейін бойынша Құзырет орталығы ашылды. Бұл мегаполисте онкологиялық көмекті ұйымдастыру жүйесін жетілдіруге бағытталған жаңа құрылым. Бұл туралы қаланың Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мамандары айтты.

Орталық құру қаланың онкологиялық қызметін кезең-кезеңімен жаңарту аясындағы маңызды шешім. Негізгі мақсат — ерте диагностиканы күшейту, медициналық көмекті үйлестіру.

Жаңа құрылым клиникалық қызметті де, ұйымдастырушылық-әдістемелік жұмысты да біріктіреді. Мұнда қатерлі ісікке күдік бар науқастарға және диспансерлік есепте тұрған азаматтарға консультациялық-диагностикалық көмек көрсетіледі. Басымдық ерте анықтауға, нақты диагноз қоюға және пациенттерді мамандандырылған емге жедел жолдауға беріледі.

Орталық мультидисциплинарлық қағидамен жұмыс істейді: күрделі жағдай онкологтар, хирургтер, радиологтар, химиотерапевтер және басқа да бейінді мамандардың қатысуымен талқыланады.

Бұл тәсіл әр науқасқа жеке ем тактикасын айқындауға және клиникалық шешімдердің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар орталық алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарымен өзара байланысты күшейтіп, онкологиялық науқастарды емдеудің бірыңғай стандарттарын енгізеді.

Диагностикалық база заманауи жабдықтармен жарақтандырылған. Орталықта трепан-биопсия жүйелері, эндоскопиялық кешендер, сараптамалық деңгейдегі УДЗ және маммография аппараттары, сондай-ақ компьютерлік және магниттік-резонанстық томография құрылғылары бар. Бұдан бөлек, иммуногистохимиялық және молекулалық-генетикалық зерттеулер жүргізуге мүмкіндік беретін бейнеморфология жүйесі енгізілген. Бұл диагнозды дәл нақтылап, жеке ем тәсілін таңдауға жол ашады.

Орталықтың тағы бір бағыты — қаладағы медициналық ұйымдарға әдістемелік қолдау көрсету және елімізде онкологиялық қызметті дамытудың кешенді жоспары аясындағы көрсеткіштерді талдау. Мұнда МСАК дәрігерлерін оқыту, көшпелі семинарлар өткізу және тұрғындарға арналған ашық есік күндерін ұйымдастыру көзделген. Бұл онкологиялық сақтық мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.

Құзырет орталығының ашылуы қалалық денсаулық сақтау жүйесінің әлеуетін арттырып, онкологиялық көмекті үйлестіруді жаңа деңгейге көтереді. Бірыңғай стандарттар мен заманауи технология енгізу қатерлі ісіктерді ерте анықтау көрсеткішін жақсартып, ем нәтижесін арттыруға мүмкіндік бермек.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Александр Вучич БАҚ өкілдерінің алдында сөз сөйледі

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Аида Балаева: Жаңа Конституция жобасында мемлекеттік саясаттың негізі адам және оның әлеуеті екені айқын көрсетілген

Leave a Reply Cancel reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Директор – өзгерістер көшбасшысы

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жеті гүл» фильмі қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі.

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.