Жоспарлы жұмыс жүйелі жемісін береді – Altyalash.kz
Saturday, March 7, 2026
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ жаңалықтары

Жоспарлы жұмыс жүйелі жемісін береді

07.03.2026
0
Жоспарлы жұмыс жүйелі жемісін береді

Қайрат Балабиев, Парламент Мәжілісінің депутаты:

Жоспарлы жұмыс жүйелі жемісін береді

Жолдар, газ құбырлары мен электр желілері өңірлерді бір-бірімен байланыстырады. Бұл логистиканы жеңілдетіп, тауар айналымын жылдамдатады. Дамыған инфрақұрылым – инвесторлар үшін ең басты талап. Өйткені мемлекеттің байлығы тек орталықта ғана емес, шеткі аймақтарда да сезілуі керек. Әлеуметтік теңсіздікті жоятын өңірлердің дамуы жайында Парламент Мәжілісінің депутаты Қайрат Балабиевпен сұхбаттасқан едік.

– Түркістан облысының жаңа экономикалық моделі қандай және өңірдегі жұмыссыздық мәселесін шешуде өндіріс пен білім беру саласы қалай ұштастырылып жатыр?

– Түркістан облысы жаңадан құрылса да, экономикалық даму потенциалы жоғары өңір. Қазір Президент тапсырмасына сәйкес экономиканы әртараптандыру жүргізіліп, аз уақытта бірқатар көрсеткіштер бойынша өңір республикада алға шығып жатыр.

Мемлекет басшысы ауылдарда технопарктер мен индустриалды аймақтар салуды тапсырған. Түркістан облысында құрылған 20  индустриалды аймақта 99 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Әлбетте олар беталды басталған жобалар емес, әбден талқы таразысынан өткен. Алдымен облысқа сырттан келетін тауарларға, яғни, құрылыс материалдары, жеңіл өнеркәсіп, машина жасау сияқты салалар бойынша талдау жүргізілген. Нәтижесінде импорт көлемінің 98 млрд.теңгеге жеткені анықталған. Сөйтіп облыс әкімдігі аталмыш тауар түрлерінің тізімін жасап, соған қарай инвестициялық жобалар тізбесін әзірлеп, өңірдің өндірістік әлеуетін жүйелі түрде дамытуға ден қойған. 

 Ақпарат көздеріне сенсек, Қытайда жастардың 17 пайызы жұмыссыз жүр екен. Оған себеп бұрын олар меңгерген мамандықтар, бүгінгі күннің сұранысына сәйкес келмей қалған. Бұл нені көрсетеді? Біздің елге де келешекте сан-салаға керекті мамандарды жоспарлы түрде дайындау керек. Президент елімізде шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдарын ашуды тапсырған еді. Түркістанда IT мамандарын даярлайтын «Woosong University Kazakhstan» универсеті ашылды. Университет 2 мың студент қабылдауға қауқарлы. Бүгінде онда 108 қазақстандық, 70 Оңтүстік Кореялық студенттер білім алуда. Әкімдік тарапынан 100 грант бөлінген.

Білім саласында тың жаңалықтар жетерлік. Білімді мамандарға сұраныс қашанда жоғары. Өздеріңізге белгілі Президентіміз 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялаған. Оның аясында техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін түбегейлі жаңғыртуды тапсырды. Облыста 50 колледж бар. Онда 46 мыңнан астам студент 84 мамандық бойынша білім алады.  Биыл колледж бітірген 15 мыңдай түлектің 79 пайызы жұмысқа орналасты. Оның 5 мыңға жуығы – жұмысшы мамандық иелері екен. Алдағы жаңа оқу жылына жұмысшы мамандықтарға 9 мыңға жуық грант бөлініп отыр. Бірінен кейін бірі ашылып жатқан кәсіпорындарға жұмысшы мамандар әбден қажет. Бұл игіліктің бәрі жергілікті жұртшылықты жұмыспен қамту мақсатында жүзеге асырылуда. Ең бастысы жастар мамандық таңдауда жаңылыспай, еліміздің өндірісін өркендетуге үлес қосатын маман болса нұр үстіне нұр болады. Себебі алда өркендеу дәуіріне әр саланың өз маманы керек болады.

– Бүгінде Түркістан облысы тек рухани орталық емес, ірі индустриалды және агроөнеркәсіптік хабқа айналып келеді. Өңірдегі шағын өнеркәсіптік парктердің жұмысы, газ бен жол құрылысы сияқты әлеуметтік мәселелердің шешілу барысы және облыстың жаңа туристік мәртебесі туралы не айтасыз?

– Отандық отандық өндіріс пен қайта өөңдеуді дамыту мемлекет басшысының тапсырмасы. Бұл мақсатқа 100 гектар жер бөлініп, Түркістанда «Шағын өнеркәсіптік парк» пайда болды. Жоба аясында 152 ғимарат салып, 6 040 жұмыс орнын құру жоспарланған екен. Қазірдің өзінде 40 ғимарат салынып, жиһаз, жаңбырлатып суғару, сусын, мұздатқыш және құрылыс заттарын шығаратын 32 зауыт ашылып, 1 200-ден аса адам жұмыс істеп жатыр. Бұл импорттық тауарларды алмастыруға әрі ішкі нарықты қамтамасыз етуге мол мүмкіндік. Өңір кәсіпкерлері алдағы уақытта бейнекамера, медициналық жиhаз, тұрмыстық химиялық бұйымдармен елімізді қамтамасыз етіп қана қоймай, өнімді экспорттауға ықыласты.

Шағын өнеркәсіптік парктер құру өңірдің тез дамуына бағытталған шаралар. Мәселен, Сауран ауданында жеке инвестиция есебінен құрылған 5 шағын өндірістік алаңда 30 млрд. теңгеге 115 жобаны іске асырылмақ. Бүгінгі таңда «Қарашық», «Иассы», «Шорнақ», «Үшқайық» және «Жүйнек» өндірістік алаңдарында 37 ғимарат салынып жатыр. Ал,  Ордабасы ауданындағы «Темірлан» өндірістік алаңында 5 ғимарат бой көтеруде. Облыс басшылығы жобаның мультипликативтік тиімділігін ескеріп, барлық ауданда осы тәжірибені енгізуге кіріскен. Бұл өндірісті өркендетуге бағытталған икемді әрі игерімді тәсіл.

Бүгінде Кентау, Созақ, Бәйдібек аудандарына көгілдір отын жетті. Яки, өңірде табиғи газбен қамтамасыз ету 85,5%-ды құрап отыр. Биыл 37 елді мекенге газ құбыры тартылуда. Бұл деген көмірге шығындалмай, ауаны да ластамай, газ баллондарын толтыру үшін қалаға сандалмайтын жағдай жасалып жатыр деген сөз.

Биыл 289 нысанға немесе 1 236 шақырым жолға құрылыс-жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жыл қорытындысымен 951,4 шақырым пайдалануға беріліп, жолдардың нормативті үлесі 94,7%-ға жеткізу көзделген.

Түркістан туристік әлеуеті де жоғары өлке. Бұрын киелі орындарды зиярат етуге туристер көптеп келсе, қазір Түркістанды тамашалайтын туристер көп. Президент пәрменімен қалаға ерекше мәртебе де берілді. Қырықтан аса мүмкіндіктер қарастырылған арнайы заң қабылданды. Жалпы қандай жақсылық жасалса да, бәрі де жергілікті жұртшылықтың жайлы өмір сүруіне арналған. Облыстың өсіп-өркендеген өңірге айналуына бірі білімі, бірі игі ісі, енді бірі өнері, жақсы тәлім-тәрбиесімен үлес қосу әрбір тұрғынның перзенттік парызы деп білемін.

– Түркістан облысы – еліміздегі демографиялық өсімі ең жоғары аймақ. Халық санының артуы әлеуметтік инфрақұрылымға, әсіресе мектеп пен аурухана тапшылығына салмақ түсіретіні анық. Осы мәселелерді шешу үшін Мәжіліс депутаты ретінде қандай жұмыстар атқардыңыз және өңірдегі әлеуметтік нысандардың құрылысы қалай жүріп жатыр?

– Түркістан демографиялық өсімі жоғары облыс. Еліміздің әр түкпір-түкпірінде өмір сүріп жатыр. Адам саны артқан сайын, әлеуметтік мәселелер де артады. Ауылдарда бала-бақша, мектеп, аурухана, емхана, спорттық, мәдениет, нысандарын салу оң шешімін тауып келеді. Қажеттіліктерге сұраныстар сайлаушылармен кездесуде айтылады. Мемлекеттік қолдаудың арқасында ауылдарда балалардың оқып білім алуына, түрлі өнер үйренуіне жайлы жағдайы жасалған «Келешек мектептері» бой көтеріп жатыр. Президент жастарды білім мен ғылым қууға, өнерлі болуға, ІТ технологиясын игеруге, жасанды интеллектіні меңгеруге, білімді әрі іскер қоғам қоғам қалыптастыруға ықпал етуде. «Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ» дегендей, мектеп оқушылары мен студенттердің міндеті сабақты жақсы оқу, білікті маман болып, еліміздің дамуына, өзінің тұлға болып қалыптасуына әрекет ету керек. Облыста «Келешек мектептері» жобасының аясында 28 жаңа мектеп пайдалануға берілді. Онда 23 мың бала білім алып жатыр. Бұдан бөлек, облыс бюджеті есебінен 17 мектеп бой көтеруде. Мәжіліске келген кезде өңірдің мектеп мәселесін түпкілікті шешу үшін республикалық қаржыландыру көздерінен 344 млрд теңгеден аса қаражат бөлінуіне ықпал еттім. Соның нәтижесінде екі жылда алпыстан аса мектептің құрылысы жүргізіліп, алды пайдалануға беріліп те жатыр. Уәделер орындалған сайын халықтың жүзіне ұялмай қарай алады екенсің. Өңірде атқарылып жатқан игілікті істер өте көп. Бұл аймақ басшыларының жұмысты жоспарлы әрі жүйелі жүргізуінің жемісі. Ауыл тұрғындарына не керек? Мектеп, аурухана, мәдениет үйлері мен жұмыс орындары, газ, жол, су керек. Көптеген елді мекендерде жолдар жаңаланып, газ бен су жеткізіліп, емханалар ашылып жатыр. Биылдың өзінде 34 ауылдық емхана салынса, 3 аудандық орталық ауруханаға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. 60 жедел жәрдем көлігі ел игілігіне берілді. Біз былтыр облыс орталығынан шалғайда жатқан Сарыағаш, Келес, Мақтаарал, Жетісай, Шардара ауданының тұрғындары үшін кешенді орталық аурухана салуды Үкіметке ұсынған ек. Биыл бес ауданға арналған перинеталды орталықтың құрылысы басталғанын естіп қуанып қалдық.

– Облыс бүгінде электр энергиясының 75 пайызын сырттан тасымалдап отыр екен. Мемлекет басшысының баламалы энергия көздерін дамыту тапсырмасы аясында Түркістан өңірінде күн, жел және газ электр станцияларын салу арқылы энергетикалық тәуелсіздікке қол жеткізу мүмкін бе?

– Қазақстан тек атом энергетикасына иек артып қалмақ емес. Бүгінде баламалы энергия көздері кеңінен пайдаланыла бастады. Халықаралық ұйымдар әлем елдерін мейлінше экология зиян тигізбейтін эко технологияларға көшуді ұсынып жатыр. Бізде су және жылу арқылы энергия өндіріліп келді. Жылу орталықтары көмір жағады. Бірте-бірте барлық жылу орталықтары көгілдір отынға көшеді. Сонымен қатар көмірдің өзін адам өміріне зиян тигізбейтіндей технологияны қолдану жоспарланған. Ал, АЭС салу ауқымды әрі қажетті жоба. Өйткені бүгінде өндірістің барлығы дерлік электр энергиясын пайдаланады. Электр қуаты тек бизнеске емес, халыққа да керек. Себебі үй ішінде де сұраныс жоғары. Ал, Түркістан облысында  халық көбейген сайын, электр энергиясына қажеттілік туындап келеді. Тапшылық туындатпау үшін  күн, су және жел электр станцияларын көбейту бағытында да инвесторлармен келіссөздер жүргізу жалғасып жатыр.  «Самұрық-Қазына» қорының көмегімен Сайрам ауданында қуаттылығы 1000 МВт болатын бу-газ станциясы салынуда. Сол сияқты Кентау қаласында қуаты 240 МВт болатын газ турбина станциясы іске асады. Түлкібас және Сауран ауданында екі жылда 2 бу-газ, күн электр станциясы салынады. Ал, Бәйдібек ауданында қуаттылығы 350 МВт болатын жел электр станциясының құрылысы жоспарланған. Бұл жобалар облыс  экономикасына 1,8 трлн. теңге инвестиция тартып, 2,4 ГВт электр қуатын өндіруге мүмкіндік береді. Әйтпегенде облыс электр энергиясының 75 пайызын сырттан тасымалдауда. Баламалы энергия көздері біршама тәуелділіктен арылтады. 2 жылда 66 елді мекеннің электр жүйелері жаңғыртылып, сапалы электр қуатымен қамтамасыз етілген.

Облыс халқының саны 2,5 миллионнан асады. Бүгінде тұрғын 763 елді мекен ауыз сумен қамтылған. Десе де 70 жыл ілгеріде жүргізілген су құбырларының тозығы жетіп жатыр. Биыл 30 елді мекен жаңадан ауыз су құбырына қосылып, 11 ауылдың тозған су жүйелері жаңартылып, халықты ауыз сумен қамту деңгейін 100%-ға жеткізу жұмыстары жүргізілуде. Жазғы маусымда ауыз суды кестемен ішетін 192 елді мекен бар. Өңірде үш су қоймасы салу арқылы, бұл мәселені де алдағы 3 жылда толық шешу жоспарланған. Сол сияқты Шардара ауданының тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету үшін ауылдарға Тама Тастанбек су жүйесін тартуға республикалық бюджет есебінен 17 млрд теңгеден аса қаражат бөлдірдік. Сөйтіп қырық жылдан бері шешімін таппай келген мәселенің шешіміне пайдамыз тиді. Бұл да болса Президенттің ауыл халқына көңіл бөлуінің шарапаты.

Облыста күн сайын жақсы жаңалықтардың шығып жатқаны көңіл қуантады.

Жанат БЕЙБІТ

altyalash.kz

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Адал еңбек еткен адам ғана адал табыс табады – мәслихат депутаты

Leave a Reply Cancel reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Директор – өзгерістер көшбасшысы

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жеті гүл» фильмі қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі.

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.