Абай облысының ақындары республикалық командалық айтыстың келесі кезеңіне өтті – Altyalash.kz
Saturday, March 21, 2026
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ жаңалықтары

Абай облысының ақындары республикалық командалық айтыстың келесі кезеңіне өтті

20.03.2026
0
Абай облысының ақындары республикалық командалық айтыстың келесі кезеңіне өтті

Семейдегі Абай атындағы театрда облыс әкімдігінің қолдауымен, «Amanat» партиясы және Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық одағының ұйымдастыруымен «Жайық келіп, Ертіске қосылғанда» атты Абай облысы мен Батыс Қазақстан облысы ақындары арасындағы республикалық командалық айтыс өтті.

Айтыстың құрметті қонағы әрі қазылар алқасының төрағасы – Қазақстанның халық жазушысы Жүрсін Ерман болды. Жыр додасын ақын, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Аманжол Әлтай жүргізді.

Сөз сайысында Абай облысының намысын қыз-жігіт айтысында Әсем Ережеқызы, қайым айтыста Нұржан Өмірбай, сүре айтыста Айбек Жеңісқазин, түре айтыста Қуандық Кенжебекұлы қорғады. Сонымен қатар жыршы Қайрат Қабышев, термеші Клара Төленбаева, дәстүрлі әншілер Диас Мұратхан, күйші Дарын Құдайбергенов өнер көрсетті.

Батыс Қазақстан облысының командасын Мұрадым Мирланов бастап шықты. Сүре айтыста Бауыржан Шимердинұлы, түре айтыста Жансая Мусина, қыз-жігіт айтысында Талғат Мықи, қайым айтысында Айнабек Бисенғалиев өнер көрсетті. Сонымен қатар жыршы Фархат Оразов, термеші Кенесары Болғанбаев, дәстүрлі әнші Дастан Есентеміров, күйші Тұрлыхан Абуханов сахнаға шықты.

Жалпы қорытынды бойынша Абай облысының құрамасы 158:157 есебімен 1 ұпай басымдықпен жеңіске жетіп, жобаның келесі кезеңіне жолдама алды. Қос команда мүшелері облыс әкімінің Алғыс хаттарымен және арнайы сертификаттарымен марапатталды.

Семейден бастау алған бұл республикалық командалық айтыс алдағы уақытта еліміздің барлық өңірлерін қамтиды. Алғашқы кезеңде 20 команданың ішінен 10 команда іріктеліп, одан кейін 6, кейін 4 команда анықталады. Финалдық кезеңде үздік екі команда өзара бақ сынап, жеңімпаз анықталады.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

ШЫМКЕНТТЕ «DAMDASTOUR» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ГАСТРОНОМИЯЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ ӨТЕДІ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Ұлттық орталық музейде «Ұлы дала ойындары: тарих пен дәстүр» көрмесі ашылды

Leave a Reply Cancel reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Директор – өзгерістер көшбасшысы

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жеті гүл» фильмі қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі.

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.