Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарМәдениетРуханиятСпорт

Ұлттық орталық музейде «Ұлы дала ойындары: тарих пен дәстүр» көрмесі ашылды

ҚР Ұлттық орталық музейінде «Наурызнама» онкүндігі аясындағы Ұлттық спорт күніне орай «Ұлы дала ойындары: тарих пен дәстүр» көрмесі ашылды.

Экспозицияда 1947 жылғы этнографиялық экспедиция барысында түсірілген фотоматериалдар және басқа да дәстүрлі ойындарға қатысты бұйымдар қойылды.

Саятшылық көріністері мен асық ойнап отырған балалардың сирек суреттері, сондай-ақ тоғызқұмалақ тақтасы, ашамай ер, асықтар және басқа да жәдігерлер көпшіліктің қызығушылығын тудырды. Бұл материалдар ұлттық ойындардың тарихи дамуы мен олардың қазақ қоғамындағы әлеуметтік-мәдени қызметін терең түсіндіруге мүмкіндік берді.

Көрме аясында музей қызметкерлері Қаскелең қаласындағы «Келешек» мектебінің оқушыларына тақырыптық экскурсия ұйымдастырып, ұлттық ойындардың шығу тарихы, мазмұны мен ерекшеліктері жөнінде жан-жақты ақпарат берді. Сонымен қатар, тоғызқұмалақ, асық ату және басқа да дәстүрлі ойындар ойнатылып, олардың негізгі ережелері, әдіс-тәсілдері көрсетілді.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚШЫЛАРЫ ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫНДА ОЛЖАЛЫ БОЛДЫ

admin_altyalash

Абайдың сөзі – мәңгілік, мұрасы – сарқылмас қазына

admin_altyalash

Ақтөбелік полицейлер бір сәтте 3 айыппұл арқалаған 73 жастағы қарияны қуалады (ВИДЕО)

admin_altyalash