Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықтарЖаңалықтарСпорт

Алматылық спортшылар үстел теннисінен Қазақстан чемпионатында жеңімпаз атанды

Алматыда үстел теннисінен Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Жарыс қорытындысы бойынша алматылық спортшылар жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, бірқатар жүлделі орынға ие болды.

Алматы қаласы Спорт басқармасының мәліметінше, басты жетістік ерлер арасында командалық есепте бірінші орын болды. Құрама сапында Айдос Кенжігұлов, Дастан Кенжеғұлов, Санжар Жұбанов, Абдулла Мамай және Нұрдәулет Нұғай өнер көрсетті.

Алматының әйелдер құрамасы командалық жарыста екінші орынға ие болды. Команда сапында Анель Бақыт, Сарвиноз Миркадирова, Екатерина Пюрке және Гузель Торшаева бақ сынады.

Сонымен қатар, алматылық спортшылар жекелей, жұптық және аралас разрядтарда да жоғары нәтиже көрсетті:
Санжар Жұбанов екінші орын;
Айдос Кенжеғұлов үшінші орын;
Әнел Бақыт жұптық разрядта бірінші, жекелей сында үшінші орын;
Сарвиноз Миркадирова жекелей, жұптық және аралас разрядтарда үшінші орын;
Айдос Кенжеғұлов пен Дастан Кенжеғұлов — жұптық разрядта екінші орын иеленді.

Басқарма өкілдерінің айтуынша, бұл нәтижелер Алматыда үстел теннисінің жоғары деңгейде дамып келе жатқанын және спортшылардың жүйелі түрде дайындығын көрсетеді.

Алматылық спортшылар республикалық аренада қала намысын абыроймен қорғауды жалғастырып келеді.

Ұқсас жаңалықтар

Хоккейден еліміздің ерлер құрамасы финалда Жапонияны айқын басымдықпен жеңді

admin_altyalash

Мәжіліс «Масс-медиа» туралы заң жобасын мақұлдады

admin_altyalash

Бүгін Қазақстанда Аналар күні тойланып жатыр

admin_altyalash