Алакөлді дамытудың жол картасы бекітілді – Altyalash.kz
Saturday, March 28, 2026
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ жаңалықтары

Алакөлді дамытудың жол картасы бекітілді

27.03.2026
0
Алакөлді дамытудың жол картасы бекітілді

Бүгін облыс әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен Алакөл жағалауын дамыту және 2026 жылдың жазғы маусымына дайындық бойынша арнайы жиын өтті.

Алакөл жағалауында маңызды жобалардың орындалу барысы және биыл жүзеге асыруға қажетті іс-шаралар жөнінде туризм басқармасының басшысы Бекжан Бапышев, Мақаншы ауданының әкімі Дәурен Қойгелдин, Цифрлық технологиялар басқармасы басшысының міндетін атқарушы Қаламқас Жұмағалиқызы баяндады.

Жиында Абай облысында 2026-2028 жылдарға арналған Алакөл көлінің жағалауында туризмді дамыту жол картасы бекітілді. Құжат өңірдің туристік әлеуетін арттыруға және жағалаудағы инфрақұрылымды кешенді дамытуға бағытталған.

Жоспарға сәйкес Алакөл жағалауын дамыту үшін бас жоспар әзірленіп, инженерлік инфрақұрылым жаңартылады. Электр желілері тартылып, су және кәріз жүйелері салынады. Тазарту қондырғылары орнатылып, жағалау нығайтылады. Сонымен қатар санитарлық тораптар қойылып, жарық тартылады.

Биыл көл жағалауына жасанды интеллектпен интеграцияланған 115 бейнекамера орнатылады. Оның 22-сі жағалау сызығында қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қойылады. Сондай-ақ, барлық нысандар жоғары жылдамдықты интернетпен қамтылып, талшықты-оптикалық байланыс желісі тартылады.

Сонымен қатар жолдар жөнделіп, қоғамдық көлік қозғалысы ұйымдастырылады. Туризмді дамыту аясында келу орталығын салу, инвесторлар тарту және мәдени-туристік іс-шаралар өткізу көзделген.

Аймақ басшысы жиында шомылу маусымына небары екі ай қалғанын атап өтіп, тиісті басқарма мен Мақаншы ауданының әкіміне инфрақұрылымды дамыту, қауіпсіздік пен тазалықты қамтамасыз ету, қызмет көрсету сапасын арттыру жұмыстарын нақты жоспармен жедел іске асыруды тапсырды.

«Бұл мәселені Мемлекет басшысы да, Үкімет те ерекше бақылауында ұстап отыр. Инфрақұрылымды дамыту, қауіпсіздікті қамтамасыз ету, тазалықты сақтау, қызмет көрсету сапасын арттыру және кәсіпкерлермен өзара тиімді іс-қимылды бүгіннен бастап нақты жоспар негізінде жүзеге асыру қажет. «Әлі ерте» немесе «уақыт жеткілікті» деген көзқарасқа жол берілмеуі тиіс. Әрбір жауапты құрылым өз міндеттерін айқындап, нақты мерзімдер мен жауапты тұлғаларды белгілеуі керек. Негізгі мақсат – жазғы туристік маусымды жоғары деңгейде өткізіп қана қоймай, өңірдің туристік әлеуетін сапалы жаңа деңгейге көтеру», – деді Берік Уәли.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Олжас Бектенов Шымкент қаласында Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кеңейтілген отырысын өткізді

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Астанада жол ережесін бұзғандар камера арқылы анықталып, жауапкершілікке тартылды

Leave a Reply Cancel reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Директор – өзгерістер көшбасшысы

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жеті гүл» фильмі қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі.

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.