Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарЗаң мен тәртіп

Астанада жол ережесін бұзғандар камера арқылы анықталып, жауапкершілікке тартылды

Астанада жол ережесін сақтау бойынша алдын алу жұмысы күшейтілді.

Астанада жедел басқару орталығының камералары арқылы жол ережесін бұзған жүргізушілер анықталып, оларға тиісті шара қолданылды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты Полиция департаментіне сілтеме жасап.

Полиция қызметкерлері ең алдымен қауіпсіздік белдігін тағу, көлікті басқару кезінде ұялы телефонды пайдаланбау, сондай-ақ кәмелетке толмаған жолаушыларды тасымалдау ережелерінің сақталуына ерекше назар аударды.

Жедел басқару орталығының камералары бірнеше құқықбұзушылықты анықтады, нәтижесінде жүргізушілер жауапкершілікке тартылды.

Мысалы, 52 жастағы «Audi» автокөлігінің жүргізушісі Тұран даңғылы бойымен жүріп келе жатып, қауіпсіздік белдігін тақпаған. Бұл факт камера операторлары арқылы тіркеліп, ақпарат патрульге дереу жеткізілді. Жүргізуші жауапкершілікке тартылып, профилактикалық әңгіме жүргізілді.

Тағы бір мысал, 54 жастағы «Hyundai» автокөлігінің жүргізушісі Тұран даңғылы бойымен жүріп келе жатып, ұялы телефонын қолданған.

Бұл құқықбұзушылық та камераларға түсіп, ақпарат патрульге беріліп, жүргізуші жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар, полицейлер жүргізушілермен профилактикалық жұмыс жүргізді: жол ережелерін сақтаудың маңыздылығы түсіндіріліп, ескертпелер таратылды. Арнайы көңіл кәмелетке толмағандармен бірге жүрген жүргізушілерге бөлінді, оларға қауіпсіздік белбеуін қолдану ескертілді және арнайы қауіпсіз тасымалдау құралдары берілді.

Мұндай алдын алу шаралары құқықбұзушылықты тоқтатып қана қоймай, азаматтардың өмірі мен денсаулығын да қорғайды.

Ұқсас жаңалықтар

Үржар ауданының Шолпан ауылында өрт сөндіру бекеті ашылды

admin_altyalash

Екі ел үкіметтерінің міндеті — көшбасшыларымыз қол жеткізген келісімдердің мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз ету

admin_altyalash

Премьер-министр көктемгі егіс жұмыстарын уақтылы жүргізуді ерекше бақылауда ұстауды тапсырды

admin_altyalash