Қазақстанда 19 мың шақырымнан астам инженерлік желі жөнделді: тозу деңгейі төмендеп, коммуналдық қызметтердің сапасы артып келеді – Altyalash.kz
Saturday, March 28, 2026
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстанда 19 мың шақырымнан астам инженерлік желі жөнделді: тозу деңгейі төмендеп, коммуналдық қызметтердің сапасы артып келеді

27.03.2026
0
Қазақстанда 19 мың шақырымнан астам инженерлік желі жөнделді: тозу деңгейі төмендеп, коммуналдық қызметтердің сапасы артып келеді

Елімізде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртуға салынған инвестициялар нәтижесінде 19 мың шақырымнан астам инженерлік желі жөнделді. Нәтижесінде желілердің тозу деңгейі жыл сайын төмендеп, халыққа көрсетілетін коммуналдық қызметтердің сенімділігі артып келеді. Бұл туралы елордада өткен дөңгелек үстелде айтылды.

Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы Тимур Косымбаевтың айтуынша, коммуналдық инфрақұрылымның жоғары деңгейде тозуы ұзақ уақыттан бері байқалып келеді. Желілердің әбден ескіруі жылу, су және электр энергиясын жеткізу кезінде апаттар мен үзілістер қаупін туындатқан.

«2023 жылдан бастап елімізде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының инженерлік инфрақұрылымын ауқымды жаңғырту басталды. Желілерді жөндеу көлемі 2022 жылмен салыстырғанда екі есеге артты. Бүгінде аталған жұмыстардың нақты нәтижесі байқалуда.  Мәселен, тозу деңгейі төмендеп, коммуналдық қызметтердің сенімділігі артып келеді», – деді ол. 

2025 жылдан бастап қордаланған инфрақұрылымдық мәселелерді шешуге бағытталған «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» жөніндегі ұлттық жоба жүзеге асырылуда. ЭКСЖ аясында 31,6 млрд теңгеге 17 пилоттық жоба қаржыландырылды, оның 6-ауы қазірдің өзінде аяқталды.

Жаңғырту жұмыстарының нәтижесі өңірлердегі қызмет көрсету сапасынан байқалады. Атап айтқанда, Шымкент қаласы мен Түркістан облысында 104 шақырым электр желісі жаңартылды. Тайынша мен Теміртау қалаларында жылу желілері жаңғыртылды. Сонымен қатар Жетісу облысында 6,4 мың тұтынушы үшін электр энергиясын өндіру көлемі ұлғайтылды.

Сондай-ақ, Табиғи монополияларды реттеу комитетінің мәліметінше, 8 кәсіпорын қауіпті тозу деңгейінен шығарылды. Осылайша, қабылданып жатқан шаралар қазірдің өзінде тұрақты нәтиже беріп, саланың жүйелі жаңаруына көшу басталғанын көрсетеді.

Еске сала кетейік, коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстары алдағы уақытта да жалғасады. 2026 жылы тағы 7,6 мың шақырым инженерлік желіні жөндеу жоспарланған.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Қазақстандық оқушы Harvard University-ге оқуға түсті

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Ғылыми зерттеушілердің әлеуеті өсуде

Leave a Reply Cancel reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Директор – өзгерістер көшбасшысы

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жеті гүл» фильмі қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі.

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.