Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарМәдениетРуханият

Алматыда заманауи қазақ романдарының авторлары марапатталды

Алматыда заманауи қазақ прозасын дамытуға және авторларды қолдауға бағытталған «Қазіргі заманғы қазақ романы» әдеби жобасының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті.

Іс-шарада ҚРПремьер-министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның құттықтау хаты оқылды. Онда бұл жобаның ұлттық әдебиетті дамытуға елеулі үлес қосатыны, заманауи қоғамдық үдерістерді зерделеуге ықпал ететіні, сондай-ақ уақыт тынысын, қоғамның жай-күйін және адам тағдырын бейнелейтін жаңа романдардың жазылуына жол ашатыны атап өтілген.

Байқауға 3000-нан астам өтінім келіп түсті. Іріктеу қорытындысы бойынша финалға сегіз автор шықты. Бас жүлдені «Кельндегі көкжал» романы үшін жазушы Жүсіпбек Қорғасбек иеленді. Байқау нәтижесі бойынша жеңімпаздың туындысы экранизацияланады.

Сондай-ақ жеті автордың шығармалары 1000 дана таралыммен жарық көріп, арнайы жүлдемен марапатталды. Олардың қатарында Думан Рамазан («Сынақ»), Қуаныш Жиенбай («Аралқұмдағы ақырғы аялдама»), Нұржан Қуантайұлы («Опасыз ойын»), Асқар Алтай («Каскад»), Мұрат Алмасбек («Екі жағалау»), Қуат Бораш («Тәубе») және Айым Ақылтай («Қарыз») бар.

Салтанатты рәсімде үздік шығармалардың таныстырылымы өтті.

Ұқсас жаңалықтар

Жошы хан туралы жазылған тұңғыш тарихи романның таныстырылымы өтеді

admin_altyalash

Олжас Бектенов: Әкімдердің жұмысын тұрғындардың тұрмысын жақсартудың нақты индикаторлары бойынша бағалайтын боламыз

admin_altyalash

Көшпенділер ойындары: 35 елден келетін садақшылар қазақстандық өнімді пайдаланады

admin_altyalash