Президентке өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен орнықты өсімін қамтамасыз ету бойынша атқарылып жатқан шаралар туралы баяндалды.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа Жұмыспен қамтудың өңірлік картасы аясында биыл 17 440 жұмыс орнын ашу (І тоқсанның қорытындысы бойынша 3 317 жұмыс орны ашылды) қарастырылып отырғаны жөнінде мәлімет берілді. Әлеуметтік салада АӘК алушылар саны азайып келеді.
Ауылдық аумақтарды дамыту және қоныстанушыларды қолдау бағдарламалары, соның ішінде «Шығыс шақырады» өңірлік жобасы жүзеге асырылып жатыр.
Шығыс Қазақстанда инфрақұрылымды жаңғыртуға баса мән беріледі. Былтыр ұзындығы 856 шақырым болатын жолдар мен көшелерде жөндеу жұмыстары аяқталды.
Кездесу соңында Мемлекет басшысы экологиялық ахуалды жақсарту, экономиканы әртараптандыру, инвестиция тарту және өңірдегі туризмді дамыту жұмыстарын жалғастыру бойынша бірқатар тапсырма берді.
