Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықтарБілімЖаңалықтар

Бұл марапат жігер берді: Президент қолынан медаль алған ғалым әсерімен бөлісті

фото:жеке мұрағатынан

Бүгін ғалым Президент қолынан “Ерен еңбегі үшін” медалімен марапатталды.

Жандос Тауанов – Назарбаев университетінің және “Болашақ” бағдарламасының түлегі. Ол қазір Қазақ ұлттық университетінде Жас ғалымдар кеңесінің төрағасы және Химиялық физика және материалтану кафедрасының меңгерушісі қызметтерін атқарады. Бүгін ғалым Президент қолынан “Ерен еңбегі үшін” медалімен марапатталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мен былтыр Ұлттық ғылым академиясының Жер, ғарыш және коммуникациялар туралы ғылымдар бөлімшесі басшысы болғанмын. Сол еңбектерімізді ескере отырып, министрлік, мемлекет тарапынан осындай марапатқа ұсыныс берілді. Негізі өзім химия саласының маманымын. Осы химия саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жасаймын. Бірнеше ғылыми-зерттеу жұмыстарын жас ғалымдарға арналған жобаларды гранттық қаржыландыру бойынша сәтті аяқтадым, – деді Жандос Тауанов.

Ол сондай-ақ 2024 жылы жоғары оқу орнының “Үздік ұстазы” сыйлығын алып, ғылыми таланттарға арналған ғылыми стипендия иегері атанған.

Жандос Тауанов бүгінгі таңда ғылым қарқынды түрде дамып келе жатқанын айтты.

Әсіресе жас ғалымдарға министрлік тарапынан, ел тарапынан, ел басшысынан үлкен мүмкіндіктер беріліп жатыр. Соңғы бес жылда, мысалы, қаржыландыру бес-алты есе өскен. “Жас ғалым” жобасы ашылды. Жас ғалымдарға гранттық қаржыландыру жобалары, конкурстар арқылы жаңа мүмкіндіктер ашылды, – дейді ғалым.

Жас ғалымдар кеңесінің төрағасы Президент қолынан марапатты алғанда толқығанын атады.

Мұндай мәртебелі медальге ие боламын деп күтпедім. Бұл марапат жігер берді, алдағы уақытта елімізге бұдан да көп қызмет етіп, ғылым, инновация саласында жаңа жетістіктерге, жаңа сәтті жобаларды іске асыруға жол ашты деуге болады, – деп әсерімен бөлісті Жандос Тауанов.

Ұқсас жаңалықтар

Кітап оқырманның академиялық жазу машығын дамытуға арналған

admin_altyalash

Сауда комитетінің төрағасы тағайындалды

admin_altyalash

Ақтауда самбодан халықаралық жарыстар өтуі мүмкін

admin_altyalash