Түркістан облысының мәдениеті халықаралық деңгейде кеңінен дәріптеліп келеді. Француз Республикасы мен Испания Корольдігіндегі Қазақстан Республикасының Елшіліктерінің шақыртуымен Түркістан облысы мәдениет басқармасына қарасты «Конгресс Холл» кешенінің Республикалық байқаулар лауреаты «Алқоңыр» фольклорлық ансамблі Еуропа төрінде «Наурыз думан» мерекелік концерттік бағдарламасын жоғары деңгейде өткізді.
«Наурыз думан» концерттік бағдарламасы арқылы ұлттық құндылықтарымыз ұлықталып, қазақ мәдениеті халықаралық деңгейде насихатталды.
Айта кетейік, «Алқоңыр» фольклорлық ансамблінің бұл гастрольдік сапары Қазақстан Республикасының Франция және Испаниядағы Елшіліктерінің қолдауымен жүзеге асырылды.
