Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарЭкономика

FlyArystan әуе компаниясы Дубайға рейстерді уақытша тоқтатты

фото:ашық дереккөз
Билеттер сатып алынған бағасы бойынша толық қайтарылады.

FlyArystan әуе компаниясы Ақтау – Дубай – Ақтау бағыты бойынша жоспарланған рейстерін 2026 жылдың 29 тамызына дейін тоқтатты, деп хабарлайды Oimaqnews.kz 

Әуе компаниясының мәліметінше, рейстердің тоқтатылуына Таяу Шығыстағы қалыптасқан тұрақсыз жағдай себеп болған. Бұған дейін Air Astana компаниясы да Дубайға бағытталған тұрақты рейстерін 30 сәуірге дейін тоқтата тұру туралы шешімін ұзартқан болатын.

«Рейстері тоқтатылған жолаушыларға билет құны ешқандай айыппұлсыз, сатып алынған бағасы бойынша толық қайтарылады», — деп атап өтті FlyArystan өкілдері.

Билеттерді ресми сайт немесе мобильді қосымша арқылы рәсімдеген жолаушылар қайтару процесін онлайн түрде өз бетінше жүргізе алады. Ал билеттерді турагенттіктер немесе басқа делдалдар арқылы сатып алған азаматтар сол сауда нүктелеріне жүгінуі тиіс.

Ұқсас жаңалықтар

Шымкент вокзалына 11 айлығында тастап кеткен: Америкалықтар асырап алған Эштон туыстарын іздейді

admin_altyalash

Қорғаныс министрлігі “Тіл – татулық тірегі” байқауын қорытындылады

admin_altyalash

Бейжіңде өткен кездесуде Қазақстан мен Қытай мәдениетінің тоғыспалы жылы аясындағы ынтымақтастық талқыланды

admin_altyalash